Новости:
17 қараша 2015 жыл
2015 ж. 13 қарашасында ОМҒТҚМ өкілдері Алматы қ. Ғылым Ордасы ғимаратында өткен URBAN FORUM 2015 жұмысына қатысты. Форум қатысушылары: қала әкімдігінің өкілдері, тәуелсіз сәулетшілер, тарихшылар, социологтар, маркетологтар және кәсіпкерлер. URBAN FORUM 2015 шетелдік спикерлері: Meuser Architekten сәулет бюросының басқарушы директоры, DOM Publishers баспа үйінің басшысы, Берлин техникалық университетінің сәулет тарихы мен қағидалары саласы бойынша философия ғылымдарының докторы, Кеңес Одағындағы бұқаралық тұрғын үй құрылыс саласының сарапшысы Филипп Мойзер (2015 ж. шілде айында ОМҒТҚМ келіп Алматы қ. сәулет нысандарының жобаларымен танысты), британдық сәулетшілер Патшалық институтының (RIBA) халықаралық вице-президенті, сәулет магистрі, Шотландия сәулетшілері Патшалық бірлестіктігінің (RIAS) және Өнердің Патшалық қоғамының (FRSA) мүшесі Питер Оборн, дизайнер Сэм Галлэм, Atomik Architecture сәулет бюросының серіктес-негіздеушісі Майк Оудс.
URBAN FORUM 2015 тақырыбы - «Идентичность города Алматы». Форумның жұмысы 4 секция бойынша өтті. Форумның қорытындылары және сарапшылардың тұжырымдары қала әкімшілігінің және Алматы қаласының тұрғындарының назарына ұсынылады.




Все новости

Жаңалықтар

Показать все
26 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 26 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Орталық мемлекеттік архив» РММ мен «Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы» РММ бірлесіп өткізген көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақ ҚСР Орталық Атқару Комитетінің төрағасы (1937-1938)


25 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 25 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері танымал қазақстандық ғалым, белгілі шығыстанушы, тарих ғылымдарының докторы Клара Шайсұлтанқызы Хафизованың 85 жасқа толуына орай «К.Ш. Хафизованың еңбектеріндегі Халықаралық диалог және өзара мәдениет алмасу» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының жұмысына қатысты.
ОМҒТҚА директоры Жұматаева Баян Амантайқызы мерейтой иесіне құттықтау сөзін арнады.


22 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 22 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу бөлімінің қызметкерлері әріптестеріне «Істер тізімдемелерін өңдеу және оларды жетілдіру (істер тізімдемелерін жетілдіру, олардың ақпаратты іздеу деңгейі мен сапасын арттыру)» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz