Новости:
08 тамыз 2023 жыл
2023 жылғы 7 тамызда «ZOOM» интернет площадкасында Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жұмысы туралы онлайн отырысын өткізді, оның негізгі нәтижелерінің бірі – саяси қуғын-сүргін құрбандары тарихына қатысты материалдар мен құжаттар жинағының 31 томын дайындау болды. Бұл көптомдықтар бұрын ғылыми айналымға енгізілмеген және ХХ ғасырдың 20-50 жылдарындағы әртүрлі санаттардағы саяси қуғын-сүргін құрбандарының тарихына қатысты архивтік құжаттар мен материалдарды қамтиды.

Онлайн форматта өткен жиында республикалық және өңірлік архив мекемелерінің басшылары арнайы және ведомстволық архив қорларын құпиясыздандыру жұмыстарының қорытындыларымен, әр облыстағы қуғын-сүргінге ұшырағандардың тарихы туралы мәліметтермен таныстырды. Олар халық қасіретіне толы бұл материалдар ұжымдастыру кезіндегі шынайы жағдайды, биліктің азаматтарға жасаған зорлық-зомбылығын, сталиндік режимнің заңсыздығын ашатынына тоқталды.
Айта кету керек, саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия мүшелері өңірлік комиссия өкілдерімен бірлесе отырып, саяси қуғын-сүргін құрбандарының құжаттарын анықтау жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп жатыр.
Еліміздің архив қызметкерлері бұл үдеріске белсене араласып, саяси қуғын-сүргін және олардың құрбандарын ақтау тақырыптарын зерделеу үшін барынша ақпарат беруге ат салуда.








Все новости

Жаңалықтар

Показать все
26 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 26 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Орталық мемлекеттік архив» РММ мен «Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы» РММ бірлесіп өткізген көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақ ҚСР Орталық Атқару Комитетінің төрағасы (1937-1938)


25 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 25 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері танымал қазақстандық ғалым, белгілі шығыстанушы, тарих ғылымдарының докторы Клара Шайсұлтанқызы Хафизованың 85 жасқа толуына орай «К.Ш. Хафизованың еңбектеріндегі Халықаралық диалог және өзара мәдениет алмасу» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының жұмысына қатысты.
ОМҒТҚА директоры Жұматаева Баян Амантайқызы мерейтой иесіне құттықтау сөзін арнады.


22 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 22 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу бөлімінің қызметкерлері әріптестеріне «Істер тізімдемелерін өңдеу және оларды жетілдіру (істер тізімдемелерін жетілдіру, олардың ақпаратты іздеу деңгейі мен сапасын арттыру)» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz