Новости:
17 тамыз 2023 жыл
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві қызметінің негізгі бағыттарының бірі архивтік құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, мемлекеттік есеп және ғылыми-анықтамалық аппаратын (ҒАА) дайындау болып табылады. Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, мемлекеттік есеп және ғылыми-анықтамалық аппарат бөлімі жүйелі түрде және жоспарлы түрде түптеуді және қалпына келтіруді талап ететін архивтік құжаттар мен істердің бар-жоғы мен жай-күйін тексереді.
Жылдың басынан бұндай тексеру 7 қорға жүргізілді. Олар: № 8 қор «КазНИИ промзернопроект» 684 сақтау бірлігі көлемінде; № 9 қор «Леспроект» 1 313 сақтау бірлігі; № 10 қор «Казоргтехстрой» 92 сақтау бірлігі; № 11 қор «Казогртехстрой» 2 021 сақтау бірлігі; № 12 қор «Центральное бюро технической информации» 42 сақтау бірлігі; № 13 қор «Центральная научно-исследовательская лаборатория» 36 сақтау бірлігі; № 14 қор КазПИИ «Казжелдорпроект» 413 сақтау бірлігі; № 15 қор «Казгипрохиммаш» 1 446 сақтау бірлігі көлемінде.
Істерді ұтымды орналастыру мақсатында құжаттарды көшіру жұмыстары да жүргізілуде. Сонымен қатар құжаттарды шаңнан тазарту жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыс түрі келесі 4 қор бойынша жүргізілді: «Қазгипроместпром» Қазақ мемлекеттік жергілікті өнеркәсіп жобалау институты 450 қорап көлемінде; «Промстройпроект» жобалау институты» ЖШС 724 қорап көлемінде; «Казгипроводхоз» Қазақ мемлекеттік су шаруашылығы құрылыстарын жобалау институты 2709 қорап көлемінде; «Алматыгипрогор» мемлекеттік жобалау институты 2040 қорап көлемінде.
Архивтің бұл аса маңызды әрі қажетті жұмысы әлі де жалғасын табады.






Все новости

Жаңалықтар

Показать все
26 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 26 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Орталық мемлекеттік архив» РММ мен «Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы» РММ бірлесіп өткізген көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақ ҚСР Орталық Атқару Комитетінің төрағасы (1937-1938)


25 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 25 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері танымал қазақстандық ғалым, белгілі шығыстанушы, тарих ғылымдарының докторы Клара Шайсұлтанқызы Хафизованың 85 жасқа толуына орай «К.Ш. Хафизованың еңбектеріндегі Халықаралық диалог және өзара мәдениет алмасу» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының жұмысына қатысты.
ОМҒТҚА директоры Жұматаева Баян Амантайқызы мерейтой иесіне құттықтау сөзін арнады.


22 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 22 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу бөлімінің қызметкерлері әріптестеріне «Істер тізімдемелерін өңдеу және оларды жетілдіру (істер тізімдемелерін жетілдіру, олардың ақпаратты іздеу деңгейі мен сапасын арттыру)» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz