Новости:
06 қыркүйек 2023 жыл
Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымында өзгерістер орын алды. Атап айтқанда, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі №318 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі мәдениет саласындағы функциялар мен өкілеттіктерді бере отырып, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі болып қайта құрылды; тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану; кинематография; мемлекеттік рәміздер; архивтік құжаттама және құжаттаманы басқаруды қамтамасыз ету; электрондық құжат айналымы және электрондық архив; ономастика саласы; Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінен шығармашылық салалар және шығармашылық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру. Ал Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі болып қайта құрылды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 2 қыркүйектегі №330 Жарлығымен республикалық мемлекеттік органдарда үлкен тәжірибесі бар Балаева Аида Ғалымқызы Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды.
Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің ұжымы Аида Ғалымқызын осы маңызды мемлекеттік қызметке тағайындалуымен құттықтап, Қазақстан халқының игілігі үшін табысты және жемісті қызмет тілейді.


Все новости

Жаңалықтар

Показать все
26 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 26 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Орталық мемлекеттік архив» РММ мен «Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы» РММ бірлесіп өткізген көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақ ҚСР Орталық Атқару Комитетінің төрағасы (1937-1938)


25 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 25 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері танымал қазақстандық ғалым, белгілі шығыстанушы, тарих ғылымдарының докторы Клара Шайсұлтанқызы Хафизованың 85 жасқа толуына орай «К.Ш. Хафизованың еңбектеріндегі Халықаралық диалог және өзара мәдениет алмасу» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының жұмысына қатысты.
ОМҒТҚА директоры Жұматаева Баян Амантайқызы мерейтой иесіне құттықтау сөзін арнады.


22 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 22 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу бөлімінің қызметкерлері әріптестеріне «Істер тізімдемелерін өңдеу және оларды жетілдіру (істер тізімдемелерін жетілдіру, олардың ақпаратты іздеу деңгейі мен сапасын арттыру)» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz