Новости:
10 қазан 2023 жыл
2023 жылдың 10 қазанында Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залында Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дайындаған кезекті басылымы – «П.И. Мариковский. Копии наскальных рисунков. Графика. Живопись» альбомының тұсаукесері өтті.
Өзінің кіріспе сөзінде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві директорының орынбасары М.М. Бейсембаева осы атақты қазақстандық энтомолог ғалым, екі әскери орден және тоғыз медальмен марапатталған Ұлы Отан соғысының ардагері, көптеген шәкірттер плеядасын, атап айтсақ 24 ғылым кандидаты мен 5 ғылым докторын дайындаған биология ғылымдары докторының өмірбаянынан кейбір деректерін келтірді. Сондай-ақ, шараға жиналғандар ОМҒТҚА мемлекеттік сақтаудағы Павел Иустинович Мариковскийдің №113 жеке тектік қорының құрамы бойынша ақпарат алды. Ғалымның жеке қорында барлығы 5 архивтік тізімдемеге біріктірілген 402 сақтау бірлігі бар.
Альбомның жауапты құрастырушысы, Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің бас сарапшысы В.Е. Печерских басылымның қалай дайындалғаны, оның құрылымы мен құжаттары құрамы туралы слайдтар көрсету арқылы, жан-жақты айтып берді.
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Ботаника және фитоинтродукция институтының маркетинг және PR жөніндегі директоры Б.Қ. Қоспенбетова Ботаника және фитоинтродукция институты жақын арада Алматыдағы Бас ботаникалық бақ аумағында жүзеге асыратын петроглифтерге қатысты қызықты жоба туралы айтты.
Журналист, «Охотники за петроглифами» ғылыми ерікті археологтар бағдарламасының үйлестірушісі О.Н. Гумирова П.И. Мариковскиймен бірге Қазақстанның әртүрлі аймақтарында петроглифтерді іздеу бойынша қатысқан бірнеше ғылыми экспедициялардан алған әсерімен, сондай-ақ өзі үйлестіруші болып табылатын топтың жоспарларымен бөлісті.
Келесі кезекте сөз Қазақстан Жазушылар одағының және Журналистер одағының мүшесі Р.А. Артемьеваға берілді. Ол Павел Юстиновичпен жеке таныс болып, үйінде болған, ол туралы көп жазған адам, ал 2016 жылы Павел Иустинович Мариковскийдің естеліктерін жариялау бойынша жобаның жетекшісі болған.
Келесі болып № 134 лицейдің география пәнінің мұғалімі И.А. Спицына сөз сөйледі. Осы лицеймен Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві Ынтымақтастық бойынша келісім жасасқан, ал 2022 жылы лицейдің түлегі С.Те П.И. Мариковскийдің 110 жылдығына арналған дөңгелек үстелде баяндама жасаған. И.А. Спицына С.Те лицейді биыл бітіріп, Мәскеу университетіне оқуға түскеніне қарамастан, лицейдегі Мариковский тақырыбы жабылмағаны және оның лайықты мұрагерлері бар екендігін атап өтті.
В.Н. Мосин П.И. Мариковскиймен Балқашқа бірлескен экспедициялары туралы естеліктерімен бөлісті.
Алматы қаласындағы көпсалалы колледжінің оқытушысы М.С. Бекбергенова іс-шарадан алған әсерімен және П.И. Мариковскийдің тұлғалық ерекшелігіне тоқталды.
Келесі кезекте сөз Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы директорының орынбасары Н.Ә. Есқалиеваға берілді. Кітапхана аталмыш шараның бірлескен ұйымдастырушысы болып, залдарын ұсынды. Сонымен қатар Ұлттық кітап қорындағы П.И. Мариковскийдің қітаптарынан көрме ұйымдастырды.
Одан кейін лента қию салтанатты рәсімі өткізіліп, альбомның бірнеше данасы Ұлттық кітапханаға сыйға берілді.
Қорытындылау сөзінде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві директорының орынбасары М.М. Бейсембаева тұсаукесерді өткізуге көрсеткен көмегі мен қолдауы үшін кітапхана қызметкерлеріне, сондай-ақ оның барлық қатысушыларына алғысын білдірді.
Осы іс-шараға Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері П.И. Мариковскийдің жеке қорындағы құжаттары мен экспонаттарынан көрме дайындады.


Все новости

Жаңалықтар

Показать все
02 мамыр 2024 жыл
2024 жылдың 2 мамырында өткен ОМҒТҚА сараптамалық-тексеру және әдістемелік комиссиясының отырысында Істер номенклатуралары, Құжаттама жасау, құжаттаманы басқару, және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидалары, ведомстволық архив және сараптау комиссиялар туралы ережелер, істер тізімдемелері және сақтауға жатпайтын істерді жоюға бөлу туралы актілері жобалары қаралды.


30 сәуір 2024 жыл
2024 жылдың 30 сәуірінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері белгілі чех ғалымы, шығыстанушы, профессор, «Чехиядағы Азия достары» клубының жетекшісі Иржи Шима және Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Елшілігінің дипломаттарымен бейнебайланыс арқылы кездесу өткізді.


26 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 26 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Орталық мемлекеттік архив» РММ мен «Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы» РММ бірлесіп өткізген көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақ ҚСР Орталық Атқару Комитетінің төрағасы (1937-1938)


25 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 25 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері танымал қазақстандық ғалым, белгілі шығыстанушы, тарих ғылымдарының докторы Клара Шайсұлтанқызы Хафизованың 85 жасқа толуына орай «К.Ш. Хафизованың еңбектеріндегі Халықаралық диалог және өзара мәдениет алмасу» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының жұмысына қатысты.
ОМҒТҚА директоры Жұматаева Баян Амантайқызы мерейтой иесіне құттықтау сөзін арнады.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz