Новости:
12 қазан 2023 жыл
2023 жылғы 11-12 қазан күндері Орынбор қаласында Архив ісі саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Ресей-Қазақстан комиссиясының 4-ші отырысы өтті.
Кездесуге қазақстандық делегацияның құрамында: Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі архив, құжаттама және кітап ісі комитеті төрағасының орынбасары Г.Е. Қарсақбаева, Комитеттің мемлекеттік саясат және нормативтік-құқықтық реттеу басқармасының басшысы С.Н. Тащанова, Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің директоры С.Е. Нұрланова, Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архивінің директоры С.Қ. Шілдебай, Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің директоры Б.А. Жұматаева, Ақтөбе облысы мемлекеттік архивінің директоры М.Т. Төлебай және директор Солтүстік-Қазақстан облысы мемлекеттік архивінің директоры С.З. Маликова болды.
Отырыс барысында келесі мәселелер қаралды:
1. Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасындағы архив саласының дамуы туралы ақпарат алмасу. Бұл мәселе бойынша Қазақстаннан Г.Е. Қарсақбаева, Ресей Федерациясынан – Федералдық архив агенттігі басшысының орынбасары, комиссияның тең төрағасы А.В. Юрасов сөз сөйледі.
2. «Қазақстан мен Ресейдегі аштық. 1927-1934 жылдар» бірлескен құжаттар жинағын дайындау туралы. Осы мәселе бойынша Қазақстаннан ақпаратты Г.Е. Қарсақбаева бөлісті. Ресей Федерациясынан – Ресей мемлекеттік экономика архивінің директоры Е.А. Тюрин және сол архивтің бас маманы В.В. Кондрашин.
3. «Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында» бірлескен құжаттар жинағын дайындау туралы. Бұл мәселе бойынша Ресей мемлекеттік әдебиет және өнер архивінің директоры О.А. Шашкова сөйледі.
4. «Тың жер: Ресей мен Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру. 1920 жылдардың соңы – 1960 жылдар» бірлескен құжаттар жинағын дайындау туралы. Бұл мәселе бойынша ақпаратпен Ресей мемлекеттік экономика архивінің директоры Е.А. Тюрин бөлісті.
5. «Бүкілресейлік Орталық атқару комитеті Балалар комиссиясының материалдары негізінде Ресей облыстарындағы көшпелі қазақ балаларының тағдыры» бірлескен құжаттар жинағын дайындау туралы. 1931–1934 жылдар». Бұл мәселе бойынша ақпаратты РФ Мемлекеттік архивінің бөлім басшысының орынбасары Ю.Г. Орлова сөйледі.
6. «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына қатысушылар» фотоальбомын дайындау туралы. Бұл мәселе бойынша Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің директоры Б. Жұматаева сөйледі.
7. «Қазақстандағы ғылымның қалыптасуы мен дамуы» бірлескен құжаттар жинағын дайындау туралы. Бұл мәселе бойынша ақпаратпен Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архивінің директоры С.Қ. Шілдебай бөлісті.
8. Аймақаралық ынтымақтастықты дамыту туралы. Бұл мәселе бойынша Омбы облысы Мәдениет министрлігі архив басқармасының басшысы Г.И. Растягаева айтты.
Шара аясында «Ресей облыстарындағы көшпелі қазақ балаларының тағдыры. 1931-1934 жылдар» архив құжаттары көрмесінің тұсаукесері өтті. Сонымен қатар ресейлік және қазақстандық архившілер кәсіби диалог түрінде «Архив саласындағы цифрлық технологиялар» тақырыбын талқылады.
Бір күн бұрын мәдени бағдарлама аясында кездесу қатысушылары М. Горький атындағы Орынбор мемлекеттік облыстық драма театрында болып, «Капитанская дочка» спектаклін тамашалады.


Все новости

Жаңалықтар

Показать все
02 мамыр 2024 жыл
2024 жылдың 2 мамырында өткен ОМҒТҚА сараптамалық-тексеру және әдістемелік комиссиясының отырысында Істер номенклатуралары, Құжаттама жасау, құжаттаманы басқару, және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидалары, ведомстволық архив және сараптау комиссиялар туралы ережелер, істер тізімдемелері және сақтауға жатпайтын істерді жоюға бөлу туралы актілері жобалары қаралды.


30 сәуір 2024 жыл
2024 жылдың 30 сәуірінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері белгілі чех ғалымы, шығыстанушы, профессор, «Чехиядағы Азия достары» клубының жетекшісі Иржи Шима және Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Елшілігінің дипломаттарымен бейнебайланыс арқылы кездесу өткізді.


26 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 26 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Орталық мемлекеттік архив» РММ мен «Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы» РММ бірлесіп өткізген көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақ ҚСР Орталық Атқару Комитетінің төрағасы (1937-1938)


25 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 25 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері танымал қазақстандық ғалым, белгілі шығыстанушы, тарих ғылымдарының докторы Клара Шайсұлтанқызы Хафизованың 85 жасқа толуына орай «К.Ш. Хафизованың еңбектеріндегі Халықаралық диалог және өзара мәдениет алмасу» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының жұмысына қатысты.
ОМҒТҚА директоры Жұматаева Баян Амантайқызы мерейтой иесіне құттықтау сөзін арнады.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz