Новости:
13 қазан 2023 жыл
2023 жылғы 12 қазанда Орынбор қаласында Архив ісі саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Ресей-Қазақстан комиссиясының 4-ші отырысы жұмысы аяқталды. Оның қорытындысы бойынша хаттамаға қол қойылды. Ресейлік делегация атынан хаттамаға Федералдық архив агенттігі басшысының орынбасары А.В. Юрасов қол қойды, қазақстандық делегациядан ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті төрағасының орынбасары Г.Е. Қарсақбаева қол қойды.
Құжатта тараптар Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының архив қызметтері арасындағы екіжақты достық қарым-қатынасты бекіткені атап өтілген. Архив қызметкерлері екі елдің 2022-2023 жылдар бойынша архив ісін дамыту туралы ақпарат алмасты, сондай-ақ Қазақстан мен Ресей архив мекемелері арасындағы аймақаралық ынтымақтастықты дамытуға ұмтылысын қолдады.
Тараптар Қазақстан мен Ресей архивтерінің 2022-2025 жылдарға арналған бірлескен іс-шаралар жоспарының іске асырылуын талқылады, атап айтқанда, «Қазақстан мен Ресейдегі аштық. 1927-1934 жылдар» және «Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында» жинақтары бойынша жұмыстардың аяқталу мерзімдерін, сонымен қатар «Тың жер: Ресей мен Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру. 1920 жылдардың соңы – 1960 жылдар» мен «Бүкілресейлік Орталық атқару комитеті Балалар комиссиясының материалдары негізінде Ресей облыстарындағы көшпелі қазақ балаларының тағдыры» жинақтарын дайындау кезеңдерінің мерзімдерін анықтады.
Сондай-ақ 2024 жылдың бірінші жартыжылдығына жоспарланған комиссияның келесі отырысына дейін Д.А. Қонаевтың өмірі мен қызметі және Кеңестік Қазақстанның кинематографиясы мен театр өнері туралы құжаттар жинақтарын басып шығару мүмкіндігін қарастыру туралы келісімге қол жеткізілді.


Все новости

Жаңалықтар

Показать все
02 мамыр 2024 жыл
2024 жылдың 2 мамырында өткен ОМҒТҚА сараптамалық-тексеру және әдістемелік комиссиясының отырысында Істер номенклатуралары, Құжаттама жасау, құжаттаманы басқару, және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидалары, ведомстволық архив және сараптау комиссиялар туралы ережелер, істер тізімдемелері және сақтауға жатпайтын істерді жоюға бөлу туралы актілері жобалары қаралды.


30 сәуір 2024 жыл
2024 жылдың 30 сәуірінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері белгілі чех ғалымы, шығыстанушы, профессор, «Чехиядағы Азия достары» клубының жетекшісі Иржи Шима және Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Елшілігінің дипломаттарымен бейнебайланыс арқылы кездесу өткізді.


26 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 26 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Орталық мемлекеттік архив» РММ мен «Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы» РММ бірлесіп өткізген көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақ ҚСР Орталық Атқару Комитетінің төрағасы (1937-1938)


25 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 25 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері танымал қазақстандық ғалым, белгілі шығыстанушы, тарих ғылымдарының докторы Клара Шайсұлтанқызы Хафизованың 85 жасқа толуына орай «К.Ш. Хафизованың еңбектеріндегі Халықаралық диалог және өзара мәдениет алмасу» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының жұмысына қатысты.
ОМҒТҚА директоры Жұматаева Баян Амантайқызы мерейтой иесіне құттықтау сөзін арнады.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz