Новости:
30 қараша 2023 жыл
Өкінішке орай, жақында ғана біз, Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері, осы жылдың шілде айында дарынды журналист, іздеуші-зерттеуші, дара тұлға Дина Зейноллаевна Игсатованың бақилық болғанын білдік.
Дина Зейноллақызы өмірінің көп жылдарын Ұлы Отан соғысының сұрапыл жылдарында Ұлы Жеңіске баға жетпес үлес қосқан қазақстандықтарды іздеуге арнады. Отандастарымыздың майдан даласындағы ерліктері туралы бұқаралық ақпарат құралдарында көптеген жарияланымдардың авторы болды. Ол табиғаты мен тағдыры бойынша осынау қанды оқиғаларға қатысу емес, дүниеге ұрпақ әкеліп, шаңырағының ошағын күзетуі тиіс әйелдерге ерекше көңіл бөлді. Оның ізденісінің нәтижесі Динара Асановамен бірге жазған «Қазақстан әйелдері 1941-1945 жылдардағы соғыста» кітабы болды.
Ал кітаптың кейіпкерлері – әйелдер бомбалаушы полкінен атақты қазақстандық ұшқыш Хиуаз Доспанова, танкші қыздар Жамал Байтасова, Күлкен Тоқбергенова, Күлжәмила Талқанбаева және Жәмила Бейсенбаева; мерген Лидия Бакиева, майдан дәрігері Халида Маманова және тағы басқалар. Міне, Дина Зейноллаевнаның бастамасымен күш-жігерінің арқасында Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры өмірі ғажайып оқиғаларға толы қазақ халқының даңқты қызы Халида Есенқұлқызы Маманованың жеке текті құжаттарымен толықты. Қазір құжаттары Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде мемлекеттік сақтауда. Ал 2020 жылы архив қызметкерлері «Халида Маманова» атты құжаттар мен материалдар жинағын дайындап, басып шығарды.
Дина Зейноллаевна бізге бір емес бірнеше рет келіп, архив өткізген түрлі шараларға қатысты. Ол өзінің ізденіс жолында ешбір кедергіге бой алдырмай, кейінгі ұрпақтар отандастарымыздың ерліктерін білуге және осы Жеңіске қалай жеткендерін ұмытпауға баулыған жарқын және қамқор жан болды. Дина Зейноллаевна туралы жақсы естеліктер біздің жүрегімізде мәңгі сақталады!


Все новости

Жаңалықтар

Показать все
30 сәуір 2024 жыл
2024 жылдың 30 сәуірінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері белгілі чех ғалымы, шығыстанушы, профессор, «Чехиядағы Азия достары» клубының жетекшісі Иржи Шима және Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Елшілігінің дипломаттарымен бейнебайланыс арқылы кездесу өткізді.


26 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 26 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Орталық мемлекеттік архив» РММ мен «Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы» РММ бірлесіп өткізген көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақ ҚСР Орталық Атқару Комитетінің төрағасы (1937-1938)


25 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 25 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері танымал қазақстандық ғалым, белгілі шығыстанушы, тарих ғылымдарының докторы Клара Шайсұлтанқызы Хафизованың 85 жасқа толуына орай «К.Ш. Хафизованың еңбектеріндегі Халықаралық диалог және өзара мәдениет алмасу» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының жұмысына қатысты.
ОМҒТҚА директоры Жұматаева Баян Амантайқызы мерейтой иесіне құттықтау сөзін арнады.


22 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 22 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу бөлімінің қызметкерлері әріптестеріне «Істер тізімдемелерін өңдеу және оларды жетілдіру (істер тізімдемелерін жетілдіру, олардың ақпаратты іздеу деңгейі мен сапасын арттыру)» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz