Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде онлайн форматта ZOOM конференц-платформасында «University Service Management» жеке мекемесінің қызметкерлеріне арналған «Ғылыми-техникалық құжаттаманы сақтау, есепке алу және пайдалануды ұйымдастыру» тақырыбында семинар өтті.
ОМҒТҚА қызметкерлері «Архив ісі және құжаттама саласындағы нормативтік құқықтық актілер», «Жобалау-сметалық құжаттама», «Жобалау құжаттарын ғылыми-техникалық өңдеу», «Құжаттарды сақтау тәртібі», «Ғылыми-техникалық құжаттаманы пайдалану», «Жобалық құжаттарды цифрландыру», «Электрондық архивті енгізу және дамыту мәселелері» тақырыптары бойынша ақпарат берді.
Семинар барысында ұйымдастырушылар «University Service Management» жеке мекемесінде архивтік іс жүргізуді ұйымдастыруға қатысты тыңдаушыларды қызықтыратын сұрақтарға жауап берді.
2024 жылғы 2 желтоқсанда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері «АЙБОЗ» ұлттық әдеби сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне қатысты.
2024 жылы 22 қараша күні Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде «Архив-2025: нәтижелер мен мәселелер» атты ғылыми – тәжірибелік конференция өтті.
2024 жылғы 21 қарашада Астана қаласында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті Ұлттық архив базасында «Мемлекеттік архивтердің жариялау қызметі» тақырыбында семинар ұйымдастырды.
ОМҒТҚА қызметкерлері 2024 жылы 19-қараша күні Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама, кітап ісі комитеті “ Орталық мемлекеттік архив” республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры, тарих ғылымдарының кандидаты С.Қ. Шілдебайдың “ Қазақ АКСР мемлекеттік билік жүйесінің өкілдері” атты ғылыми анықтамалығының таныстырылымына қатысты.