Новости:
19 қыркүйек 2014 жыл
2014 жылдың 19 қыркүйегінде Орталық мемлекттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағатының директоры Г. С Сәрсенова «Мицва» еврей ұлттық ұйымдардың Ассоциациясы және Мәдениет және спорт министірлігінің «Орталық мемлекеттік мұрағаты» РММ ұйымдастырған екінші дүние жүзілік соғыс кезіндегі амалсыздан ықтиярсыз көшірілу және Қазақстандық, Орталық Азия, Сибирь мен Оралдық еврейлердің тарихы бойынша мәселеге арналған конференцияда «Басқыншылық пен қоныс аудару өмірінен алынған арқаулар: еске тусірулер мен хаттар» атты баяндама жасады.
Г.С.Сәрсенова өз хабарламасын биология ғылымдарының кандидаты, генетик, эволюциялық морфологиясын зерттеуші Владимир Владимирович Иссыктың жеке қорынан алынған құжаттар негізінде жасады. Қазақстанда алғашқы рет осы кісінің басшылығымен тұқымдық малдың иммуногенетикалық зерттеулері басталды. Владимир Владимирович 1935 жылдың 24 мамырында Украинаның Полтава қаласында туды. Ұлы Отан соғысы кезінде ата-анасымен Алматыға жер аударылды. Ол өзінің ғылыми еңбектерімен бірге, 1944 жылы ата-анасына таныстардан Киевті жаңа ғана басқыншылардан босатылған кезінде келген хаттарын да мемлекеттік сақтауға тапсырды. Өзінің толық өмірбаянын жазып, қоныс аудару кезіндегі көрген қиыншылықтары туралы әнгімеледі. Иссыктардың отбасы кейін сол бойы Алматыда қалып, Владимир Владимирович ғалым болып осы жерде қалыптасты. Конференцияға ғалымның бірінші әйелі Иссык Надежда Анатольевна қатысып аудиторияға өзінің отбасылық фотосуреттерін көрсетіп, баяндамашының сөздерін толықтырды.
Конференция жұмысына ресми тұлғалармен қатар («Орталық мемлекеттік мұрағаты» РММ директоры Л. С. Ақтаева, Израилдің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Элиягу Тасман және Ресей ынтымақтастықтың Алматы қаласындағы өкілдігінің хатшысы А. Н. Байтелиева), жоғары оқу орындарының оқытушылары, мұрағатшылар, студенттер қатысты. Конференцияны ұйымдастырған профессор, Тюмень мемлекеттік университетінің гуманитарлық зерттеу институтының директоры А.П. Ярков және Қазақ-неміс университетінің профессоры Т. П. Волкова. Конференцияға қатысушылар 22 хабарлама тыңдады, оның бесеуі бейнежазба нысанында көрсетілді, себебі авторлары Мәскеуде, Харьковте, Ригада, Иерусалимде тұрады.

Конференцияға қатысушылар: Солдан оңға қарай: «Мицва» еврейлік ұлттық ұйымдардың ҚР ассоциациясының төрағасы А.И.Барон, ҚР Президенті мұрағатының сарапшысы Ж.Т.Байқаш, ҚР Президенті мұрағатының басқарма басшысы К.Ш.Әлімғазинов, Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағатының директоры Г. С. Сәрсенова, профессор, Тюмень мемлекеттік университетінің гуманитарлық зерттеу институтының директоры А.П.Ярков, Орталық мемлекеттік ғылыми–техникалық құжаттама мұрағатының мұрағатшысы Е.М.Грибанова, Ресей ынтымақтастықтың Алматы қаласындағы өкілдігінің хатшысы А.Н.Байтелиева.

Конференцияға қатысушылар. Солдан оңға қарай: шетелдік классикалық өнер орталығының басшысы, А.Қастеев атындағы ҚР мемлекеттік өнер мұражайының маманы Г.Н.Сырлыбаева, Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағатының қызметкерлері: Е.М.Грибанова, О.С.Богданова, Ж.А.Қаламбаева.

Конференцияға қатысушылар. Солдан оңға қарай: Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағатының директоры Г.С.Сәрсенова, Алматы қаласының Орталық мемлекеттік мұрағатының өкілі Л.А.Матвеева, Г.Н.Сырлыбаева, Е.М.Грибанова, ҚР Орталық мемлекттік мұрағат директоры Л.С.Актаева, Ж.Т.Байқаш.


Конференцияның жұмыс кезеңі.








Г. С. Сәрсенованың хабарламасы.







Иссык Надежда Анатольевна (Г.С.Сәрсенованың баяндамасындағы кейіпкердің жұбайы) және Г.С.Сәрсенова.

Все новости

Жаңалықтар

Показать все
26 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 26 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Орталық мемлекеттік архив» РММ мен «Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы» РММ бірлесіп өткізген көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақ ҚСР Орталық Атқару Комитетінің төрағасы (1937-1938)


25 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 25 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері танымал қазақстандық ғалым, белгілі шығыстанушы, тарих ғылымдарының докторы Клара Шайсұлтанқызы Хафизованың 85 жасқа толуына орай «К.Ш. Хафизованың еңбектеріндегі Халықаралық диалог және өзара мәдениет алмасу» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының жұмысына қатысты.
ОМҒТҚА директоры Жұматаева Баян Амантайқызы мерейтой иесіне құттықтау сөзін арнады.


22 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 22 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу бөлімінің қызметкерлері әріптестеріне «Істер тізімдемелерін өңдеу және оларды жетілдіру (істер тізімдемелерін жетілдіру, олардың ақпаратты іздеу деңгейі мен сапасын арттыру)» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz