Новости:
24 желтоқсан 2015 жыл
2015 ж. 22 желтоқсанында Қазақстан Республикасының «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Заңына қол қойылған күні ҚР Президенті мұрағатында өткізілген «Архивисты и архивы Казахстана. ХХ–ХХI вв. Сборник документов и материалов» кітабының таныстырылымына ОМҒТҚМ қызметкерлері қатысты. Жинақтың бірегейлігі – жариялауға түрлі жанрлық материалдар таңдалған, олардың көпшілігі бастамалық құжаттар болып табылады. Сөз тек еске түсіруде, интервьюде емес, сонымен қатар мерейтойлық панегирик, қазанамада, зерттеу мақалалары туралы. Жинақта аталған материалдармен қатар ресми сипаттағы құжаттардың топтамалары жарияланды. Кітаптың материалдары ұзақ уақыт құрастырылды, олардың бөлігі шағын тиражбен шығарылып және қазіргі уақытта оқырмандардың кең ауқымға қолжетімді емес ведомстволық басылымдарда жарияланды. Ең алғашқы жарияланымның датасы – 1965 жыл. Ұзақ жылдар бойы бастамашылық жеке тұлғалық сипаттағы құжаттарда ақпаратты баяндауға, ал тап мынадай құжаттар жинақта жарияланған, көзқарас өзгеріп тұрды. 2013–2015 жж. жасалынған мұрағатшылардың: Г.А. Даулбаева, Р.Б. Куватова, П.В. Олейниковалардың интервью мен еске түсіру жазбалары ертеректегі 1980–1990 жж. жазбалардан айтарлықтай ерекшеленеді.
Оларда құрастырушылар бірінші кезекте азаматтардың жеке өміріне мемлекеттің тарихы мен саясатының берілген әсерін бейнелеуге тырысты. Құрастырушылар мұрағат кәсібінде мамандардың өзін және өз әріптестерінің жеке қабылдау призмасы арқылы Қазақстанның мұрағат саласын құрылуын, қалыптасуын, дамуының көрсету мақсатын орындады. Кітап анықтағыш, энциклопедия емес. Бірақ, кітапта ұзақ уақыт аралығындағы мұрағат саласындағы ең маңызды мамандардың аттары көрсетілген. Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін есімдер көрсеткіші дайындалды. Кітапта 26 фотосурет жарияланды, олардың ішінде 4 ғана жеке портреттік. Құрастырушылар барлық 22 топтық фотосуреттердегі бейнеленген адамдарды бас-бас сайын атауға тырысты.
Таныстырылымға Алматы қаласында орналасқан барлық орталық мұрағаттардың және мұрағат мекемелердің өкілдері, мұрағат саласының ардагерлері, ғалымдар-тарихшылар қатысты.








Все новости

Жаңалықтар

Показать все
06 мамыр 2024 жыл
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві қалалық мектеп оқушылары мен архив қызметкерлері үшін Ұлы Жеңістің 79 жылдығына арналған «Мәңгілік полк» құжаттық көрмесін ұйымдастырды.


02 мамыр 2024 жыл
2024 жылдың 2 мамырында өткен ОМҒТҚА сараптамалық-тексеру және әдістемелік комиссиясының отырысында Істер номенклатуралары, Құжаттама жасау, құжаттаманы басқару, және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидалары, ведомстволық архив және сараптау комиссиялар туралы ережелер, істер тізімдемелері және сақтауға жатпайтын істерді жоюға бөлу туралы актілері жобалары қаралды.


30 сәуір 2024 жыл
2024 жылдың 30 сәуірінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері белгілі чех ғалымы, шығыстанушы, профессор, «Чехиядағы Азия достары» клубының жетекшісі Иржи Шима және Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Елшілігінің дипломаттарымен бейнебайланыс арқылы кездесу өткізді.


26 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 26 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Орталық мемлекеттік архив» РММ мен «Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы» РММ бірлесіп өткізген көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақ ҚСР Орталық Атқару Комитетінің төрағасы (1937-1938)


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz