Новости:
14 желтоқсан 2023 жыл
2023 жылдың 14 желтоқсанында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде көрнекті тіл білімі маманы, белгілі зерттеуші ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрағұл Қоңырұлы Қоңыровтың жеке текті құжаттары бойынша дайындалған «Тіл білімі тарихында есімі ерекше тұлға» құжаттар мен материалдар жинағының тұсаукесері өтті. Тұсаукесер аясында дөңгелек үстел өткізіліп, Т. Қоңыровтың жеке текті қорының құжаттарынан көрме ұйымдастырылды.
Құжаттар мен материалдар жинағына Т. Қоңыровтың өмірбаяны жайлы құжаттары мен материалдары, ғылыми, ағартушылық, педагогикалық, қоғамдық қызметіне қатысты құжаттары, қолымен жазылған дәрістері, хаттары мен фотосуреттері енгізілді.
Тұрағұл Қоңырұлы Қоңыров 1935 жылы 20 мамырында Қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, (бұрынғы Семей облысы, Мақаншы ауданы), Қарғалы ауылында қарапайым шаруаның отбасында дүниеге келген. Ғұмыры қысқа болып 1995 жылы 60 жасқа толған шағында дүниеден озды.
Абай атындағы ҚазПИ-дің тарих-филология факультетін бітіргеннен кейін білімге құштарлығы мен тіл біліміне қызығушылығы Тұрағұл Қоңырұлын ғылым жолына әкелді. Болашақ ғалым кандидаттық диссертациядан кейін докторлық диссертацияны үлкен абыроймен қорғап, 1989 жылы филология ғылымдарының докторы, ал 1990 жылы профессор атағына ие болды.
Шара модераторлары Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің директоры Баян амантайқызы Жұматаева және әкесінің құнды мұрасын архивке мемлекеттік сақтауға өткізген Тұрағұл Қоңыровтың қызы Ақбота Тұрағұлқызы Қоңырова болды.
Жинақ тұсаукесеріне филолог-ғалымдар, жоғары оқу орындарының оқытушылары, Т. Қоңыровтың отбасы өкілдері мен туыстары, архив қызметкерлері қатысты. Солардың қатарында ғалым 30 жылдан астам жалпы тіл білімі кафедрасы мұғалімі, доценті, кафедрасы меңгерушісі болып қызмет еткен Алматы педагогикалық әлем тілдер институтының (қазіргі Абылай хан атындағы халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті) ұстаздары келіп Тұрағұл Қоңыровтың ерекше ізденімпаз ғалым, нағыз патриот, қамқор аға және дос, өте сабырлы жан болғанын айтып, естеліктерімен бөлісті.
Сөз сөйлеп, Тұрағұл ағамыз туралы көптеген жылы лебіздерін білдіргендердің қатарында: КИМЭП Университеті Гуманитарлық ғылымдар және білім беру колледжінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Ерназарова Зәуреш Шаршыбекқызы, ф.ғ.к., Абай атындағы ҚазҰПУ "Академик С.Қирабаев атындағы қазақ әдебиеті және оқыту әдістемесі" кафедрасының меңгерушісі Оспанов Еділбай Төлеубайұлы, Абылай хан атындағы ҚахХҚ және ӘТУ шығыс филологиясы кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, профессор Бүркітбай Гауһар Жансапқызы, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Лексикология бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты Әмірбекова Айгүл Бәйдебекқызы, Абылай хан атындағы ҚахХҚ және ӘТУ қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, профессор Аққожина Баян Қанатқызы, Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетінің профессоры, ветеринария ғылымдарының докторы Қасымов Еркін Игенбайұлы сынды ғалымдар болды.
Кездесу өте ерекше және маңызды форматта өтті.
Бұқаралық ақпарат құралдарынан іс-шараны Алматы ТВ телеарнасы түсірілім жасап, сұхбаттар алды.


Все новости

Жаңалықтар

Показать все
02 мамыр 2024 жыл
2024 жылдың 2 мамырында өткен ОМҒТҚА сараптамалық-тексеру және әдістемелік комиссиясының отырысында Істер номенклатуралары, Құжаттама жасау, құжаттаманы басқару, және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидалары, ведомстволық архив және сараптау комиссиялар туралы ережелер, істер тізімдемелері және сақтауға жатпайтын істерді жоюға бөлу туралы актілері жобалары қаралды.


30 сәуір 2024 жыл
2024 жылдың 30 сәуірінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері белгілі чех ғалымы, шығыстанушы, профессор, «Чехиядағы Азия достары» клубының жетекшісі Иржи Шима және Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Елшілігінің дипломаттарымен бейнебайланыс арқылы кездесу өткізді.


26 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 26 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Орталық мемлекеттік архив» РММ мен «Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы» РММ бірлесіп өткізген көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақ ҚСР Орталық Атқару Комитетінің төрағасы (1937-1938)


25 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 25 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері танымал қазақстандық ғалым, белгілі шығыстанушы, тарих ғылымдарының докторы Клара Шайсұлтанқызы Хафизованың 85 жасқа толуына орай «К.Ш. Хафизованың еңбектеріндегі Халықаралық диалог және өзара мәдениет алмасу» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының жұмысына қатысты.
ОМҒТҚА директоры Жұматаева Баян Амантайқызы мерейтой иесіне құттықтау сөзін арнады.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz