Новости:
17 қантар 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің ұжымы Николай Петрович Кропивницкийдің қайтыс болуына байланысты қайғырып көңіл айтады.
Кропивницкий Николай Петрович 1950 жылы 26 маусымда РКФСР Киров облысы, Санчурский ауданы Матвинур ауылында дүниеге келген.
1975 жылы КСРО-ның 50 жылдығы атындағы Қостанай педагогикалық институтын «Тарих және педагогика» мамандығы, «Тарих пен қоғамтану мұғалімі, пионер жұмысының әдіскері» біліктілігі бойынша бітірген.
Еңбек жолын Соколов-Сарыбай тау-кен байыту комбинатында бастап, жұмысқа шыңдалған. Педагогикалық институтты бітіргеннен кейін архив саласына келіп, Қазақ КСР Орталық мемлекеттік архивінде және Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы Бас архив басқармасында әртүрлі қызметтерді атқарды. 1981 жылдан 1984 жылға дейін және 1997 жылдан 2015 жылға дейін – Қазақ КСР ОМА директорының орынбасары. Қазақ КСР (Қазақстан Республикасы) Орталық мемлекеттік басқармасы директорының орынбасары. 1984 жылдан 1986 жылға дейін – Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің директоры.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен, министрліктің Құрмет грамоталарымен, «Архив ісінің үздігі» (КСРО) төсбелгісімен, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Архив саласының үздігі» ведомстволық төсбелгісімен марапатталған.
Николай Петровичтің жарқын бейнесі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады.


Все новости

Жаңалықтар

Показать все
26 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 26 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Орталық мемлекеттік архив» РММ мен «Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы» РММ бірлесіп өткізген көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақ ҚСР Орталық Атқару Комитетінің төрағасы (1937-1938)


25 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 25 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері танымал қазақстандық ғалым, белгілі шығыстанушы, тарих ғылымдарының докторы Клара Шайсұлтанқызы Хафизованың 85 жасқа толуына орай «К.Ш. Хафизованың еңбектеріндегі Халықаралық диалог және өзара мәдениет алмасу» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының жұмысына қатысты.
ОМҒТҚА директоры Жұматаева Баян Амантайқызы мерейтой иесіне құттықтау сөзін арнады.


22 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 22 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу бөлімінің қызметкерлері әріптестеріне «Істер тізімдемелерін өңдеу және оларды жетілдіру (істер тізімдемелерін жетілдіру, олардың ақпаратты іздеу деңгейі мен сапасын арттыру)» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz