Новости:
08 ақпан 2024 жыл
2024 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің құрылғанына 50 жыл толуына арналған архившілердің дөңгелек үстел форматындағы «Ғылыми-техникалық құжаттама – ғылыми прогрестің негізі» халықаралық кездесуі өтті.
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1974 жылғы 7 ақпандағы № 50 қаулысымен ғылыми-техникалық құжаттаманы орталықтандырылған мемлекеттік сақтауды, есепке алуды және республикадағы халық шаруашылығының, ғылым мен техниканың аса құнды және соңғы жетістіктерін айқындайтын ғылыми-техникалық құжаттаманы пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында құрылған.
Бүгінгі таңда ОМҒТҚА өнеркәсіп, құрылыс, көлік, медицина, білім беру, қара және түсті металлургия, су шаруашылығы, космонавтика және т.б. салалардағы отандық ғылым мен техниканың тарихы бойынша құжаттарды сақтайтын ірі орталық болып табылады.
Қазіргі уақытта архивте экономика мен әлеуметтік саланың әртүрлі салаларындағы 126 ұйым мен мекеменің қызметі нәтижесінде жинақталған ғылыми-техникалық және басқарушылық құжаттама сақталады.
2024 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша архивте сақталған құжаттардың хронологиялық шеңбері 1885-2022 жылдар аралығын қамтиды. 201 қор құрамында 223 мыңнан астам іс сақталған.
Архив қорларында басқарушылық құжаттамамен қатар мамандандырылған архивтің ерекшеліктерін көрсететін ғылыми-техникалық құжаттаманың келесі түрлері бойынша құжаттар сақталады: ғылыми-зерттеу, жобалық, технологиялық, жобалық-сметалық, патенттік құжаттама.
Архивте ұйымдар мен мекемелердің қызметі нәтижесінде жасалған құжаттардан басқа, А.Абланов, Б. Атшабаров, С.Балмұханов, Р.Елешов, Г.Қалиев, Т.Қоңыров, Х.Маманова, П.Мариковский, С.Нұғманов, А.Татығұлов, С.Космериди сынды белгілі ғалымдар мен республиканың ғылым және техника саласына еңбек сіңірген қайраткерлердің өмірі мен қызметі туралы жеке текті құжаттар бар. Бүгінгі күні 4 988 сақтау бірлігін құрайтын 38 жеке тектік қорлар бар.
Архив құрылымына келесі бөлімдер кіреді: Қазақстан Республикасы ҰАҚ толықтыру және ведомстволық архивтер бөлімі, құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, мемлекеттік есепке алу және құжаттарға ғылыми-анықтамалық аппарат бөлімі, ақпарат және құжаттарды пайдалану бөлімі, ақпараттық технологиялар және цифрландыру бөлімі.
ОМҒТҚА баспа қызметін белсенді түрде жүзеге асырады. Тек соңғы он жылдың ішінде архив 11 құжаттық жинақ, екі жөнсілтер, 6 брошюра мен альбом, Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві ұйымдастырған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялар материалдарының 4 жинағы, сондай-ақ студенттерге арналған бір әдістемелік нұсқаулық дайындады. Республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында және басқа архивтер дайындаған ғылыми-тәжірибелік конференциялардың материалдарында ОМҒТҚА қызметкерлерінің архив құжаттары негізінде жазылған 100-ден астам мақалалары жарияланды. Телеарналарда ОМҒТҚА қызметкерлерінің қатысуымен бағдарламалар (сюжеттер) тұрақты түрде көрсетіледі.
Шетел архивтерінде, музейлерінде, кітапханаларында және ақпараттық орталықтарында Қазақстан тарихына қатысты құжаттар мен материалдарды анықтау бойынша ғылыми-іздестіру және зерттеу жұмыстарын жүргізу, құжаттар мен олардың көшірмелерін алып, ғылыми айналымға енгізуді көздейтін «Архив-2025» кешенді жоспарына сәйкес, ОМҒТҚА қызметкерлері алыс және жақын шетелдерге іссапарлардың нәтижесінде Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорын Отанымыздың тарихына қатысты жаңа және бұрын белгісіз болып келген құжаттармен айтарлықтай толықтырды.
Шара басында жүргізушілер Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві тарихының негізгі кезеңдерін қысқаша айтып өтті. Одан кейін архив директоры Б. Жұматаева кіріспе сөз сөйлеп, мерейтойлық мерекеге қатысқандары үшін барлығына алғысын білдірді. Келесі кезекте Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті төрағасының орынбасары Г.Е. Қарсақбаева ОМҒТҚА ұжымын мерейтоймен құттықтап, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі А.Ғ. Балаеваның Құттықтау хатын оқып берді.
Іс-шараға қатысушыларға мерейлік датаға арнайы дайындалған ОМҒТҚА туралы бейнефильм көрсетілді.
Мерейтой иелерін келесі болып жақын шетелден келген қонақтар құттықтады: БҚжАІҒЗИ (РФ) директоры П.А. Кюнг, Өзбекстан Республикасы Ғылыми-техникалық және медициналық құжаттама орталық мемлекеттік архивінің директоры А.В. Махкамов. Сондай-ақ Ресей мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің директоры М.А.Власова мен Самара қаласындағы Ресей мемлекеттік архивінің директоры А.Г. Сафоновтың бейне құттықтаулары көрсетілді.
Одан әрі құттықтауларын ҚР Ұлттық архивінің, ҚР Президенті Архивінің, республиканың орталық мемлекеттік, облыстық және қалалық архивтерінің, ОМҒТҚА толықтыру көздері болып табылатын ұйымдардың басшылары, жеке тектік қор иелері жеткізді.
Одан кейін архив ардагерлері мен қызметкерлеріне «Архив ісінің үздігі» ведомстволық төсбелгісін, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарын, Қазақстан салалық, мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы, Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві директорының Алғыс хаттарын тапсыру салтанатты рәсімі өткізілді.
Құттықтауларын әр жылдары ОМҒТҚА ұжымында қызмет еткен ардагерлер де жолдады.
Іс-шара аясында ОМҒТҚА-ның өткен жолын бейнелейтін, архив қорларындағы бірегей құжаттар, архив ардагерлері өмірбаянының архивтегі жұмысына байланысты есте қаларлық естеліктері, фотоқұжаттар, жеке тектік қор иелерінің және отандық және шетелдік архивтердегі әріптестердің құттықтауларын қамтыған «ОМҒТҚА – 50 жыл!» анықтамалық-ақпараттық басылымының тұсаукесері өтті.
Сондай-ақ көрме ұйымдастырылып, онда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің бүкіл 50 жылдық тарихын қамтитын құжаттар қойылды.
Іс-шараға қатысуға архив мекемелерінің мамандары, архив саласының ардагерлері, тарихшылар, жоғары оқу орындарының оқытушылары, магистранттар мен студенттер, қоғамдық ұйымдардың өкілдері шақырылады.


Все новости

Жаңалықтар

Показать все
26 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 26 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Орталық мемлекеттік архив» РММ мен «Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы» РММ бірлесіп өткізген көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақ ҚСР Орталық Атқару Комитетінің төрағасы (1937-1938)


25 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 25 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері танымал қазақстандық ғалым, белгілі шығыстанушы, тарих ғылымдарының докторы Клара Шайсұлтанқызы Хафизованың 85 жасқа толуына орай «К.Ш. Хафизованың еңбектеріндегі Халықаралық диалог және өзара мәдениет алмасу» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының жұмысына қатысты.
ОМҒТҚА директоры Жұматаева Баян Амантайқызы мерейтой иесіне құттықтау сөзін арнады.


22 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 22 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу бөлімінің қызметкерлері әріптестеріне «Істер тізімдемелерін өңдеу және оларды жетілдіру (істер тізімдемелерін жетілдіру, олардың ақпаратты іздеу деңгейі мен сапасын арттыру)» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz