Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні қарсаңында 2024 жылғы 23 ақпанда сағат 10:00-де Алматыда жоспарлы жалпықалалық сейсмикалық оқу-жаттығу өтті. Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел тобы архив мекемелерінің қызметкерлері арасында ауқымды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Сейсмикалық оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – қала тұрғындарының төтенше жағдайларда әрекет етуге дайындық деңгейін арттыру, тұрғындардың эвакуациялау жолдарын, қауіпсіз жерлерін анықтап, апаттық сөмкелерді алдын ала дайындау болды. Қауіпсіз жерлер электр желілері мен ғимараттардан алыс, ашық аумақтар болып саналады.
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері сейсмикалық дайындыққа қатысып, эвакуация пункті болып табылатын М.Лермонтов атындағы Драма театры ғимаратының жанына тез арада жиналды.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің биылғы Қазақстан халқына Жолдауында 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады және тиісті Жарлыққа қол қойды.
2025 жылдың 17 қаңтарында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві «Бозтаев Нұрлан Кешірімұлымен - жеке тектік қор құрушы» дөңгелек үстелі және «Жеке тектік қор құжаттары бойынша жөнсілтердің» II томының тұсаукесері өткізілді.
2025 жылғы 16 қаңтарда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Алматы қаласындағы Достық үйінде «Мәдениет саласын дамытудың өзекті мәселелерін талқылау бойынша кеңейтілген жиынның» секциялық отырысын өткізді.
2025 жылғы 8 қаңтарда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде архив қызметінің маңызды мәселелерін қарайтын консультативтік-кеңесші орган болып табылатын дирекцияның бірінші отырысы өтті.