Новости:
29 ақпан 2024 жыл
2024 жылдың 29 ақпанында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде жұмыс сапарымен Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті төрағасының орынбасары Роллан Қабылұлы Құспан болды.
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің директоры Баян Амантайқызы Жұматаева мекеменің негізгі қызметі жайында толыққанды ақпарат берді және архивтің бірегей құжаттарымен таныстырды. Сонымен қатар архивтік құжаттарды цифрлық форматқа ауыстыру үрдісі мен құжаттарды қалпына келтіру және дезинфекциялау зертханасының жұмысын көрсетілді.
Кездесу барысында архив ісі саласындағы көптеген мәселелер көтеріліп, төраға орынбасары олардың болашақта оң нәтиже табатынына сенім білдірді. Осындай маңызды мәселелердің бірі архив мекемелерінің ғылыми басылымдарын сақтаудың бір жолы ретінде мемлекеттік тапсырыс бойынша қайта басып шығаруын талқылау болды.



Все новости

Жаңалықтар

Барлығын көрсету
16 наурыз 2025 жыл
Қазақстанда жалпыұлттық «Наурызнама» онкүндігіне сәйкес 16 наурыз Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні болып белгіленген. Ондағы негізгі мақсат - халқымыздың дүниетанымы, салт-дәстүр, әдет-ғұрпы мен жөн-жоралғы, наным-сенімін, халықтың рухани өзегі саналатын ана тілін құрметтеу, ұлт құндылығын насихаттау.


15 наурыз 2025 жыл
Дәстүрлі құндылық ретінде қайырымдылықтың орны біздің қоғамда аса маңызды. Миллиондаған қазақстандықтар атсалысып жүрген қайырымдылық іс-шаралары осыны көрсетеді.


14 наурыз 2025 жыл
2025 жылдың 14 наурызы күні Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде Наурыз мейрамының алғашқы мерекесі «Көрісу күні» өтті.


07 наурыз 2025 жыл
2025 жылғы 7 наурызда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Әсел Тұрсыналиева 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтап, архив директоры Баян Амантайқызына және бір топ әріптестеріне «Қазақстандық салалық мәдениет спорт туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі төрайымы С. Имақұлованың Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру идеясы аясында қоғамның дамуына қосқан елеулі үлесі, әлеуметтік әріптестікті дамыту жолындағы жемісті еңбегі үшін және 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай берілген Алхыс хаттарын табыстады.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz