Новости:
14 наурыз 2024 жыл
2024 жылдың 14 наурызы күні Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архиві мен Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архиві ұжымдарымен бастауын сан мыңдаған ғасырлардан алатын және Наурыз мейрамының алғашқы мерекесі саналатын «Көрісу күні» ( «қауышу күні» деп аталатын) мерекесін атап өтті.
Жер бетіндегі тіршілік атаулы жаңаратын бұл кезеңді «Амал мерекесі» деп те атайды. Бұл күні халық қыстан аман-есен шыққанына, көктемге аяқ басып, туыс-туғанмен жүздескеніне қуанып, қол алысып, төс қағысады. Бір-біріне деген араздық, өкпе-ренішті ұмытып, амандық тілейді.
Барша архив қызметкерлері бір-бірімен төс қағыстырып, бір-біріне жақсылық тілеп, көрісу күнін атап өтті. Жас архившілер үлкендерге сәлем беріп, ілтипат көрсетті. Ұжымдастар бір-біріне «Жаңа жасыңыз құтты болсын!», «Жасыңызға жас қосылып, ғұмырыңыз ұзақ болсын!» деп тілек айтты.
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің директоры Баян Амантайқызы «Бұл дәстүр өскелең ұрпақты ізеттілік пен мейірімділікке, ауызбіршілік пен кішіпейілділікке, татулық пен бауырмалдыққа бастайтын тағылымы мол мереке. Бүл күн – жаңару мен жасампаздықтың ырыс пен берекенің бастауы», - деп айта келе барша әріптестерін Наурыздың алғашқы мерекесімен құттықтады. Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архиві мен Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архивінің басшылары да Көрісу мерекесімен өздерінің жүрекжарды құттықтауларын жеткізді.


Все новости

Жаңалықтар

Барлығын көрсету
10 ақпан 2025 жыл
Бүгін Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Ақпарат және құжаттарды пайдалану бөлімінің біліктілігі жоғары деңгейдегі маман-архивші Саблин Сырым «Жеке тектік қорлардың құжаттары мен материалдарының құрамы. ОМҒТҚА-дағы жеке тектік қорлар құжаттарымен жұмыс жүргізу ережелері» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


31 қантар 2025 жыл
2025 жылғы 31 қаңтарда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Орталық мемлекеттік архив өткізген тарих ғылымдарының докторы, профессор Х. Тұрсұнның, Қазақстанның «Әділет» тарихи-ағарту қоғамының ғылыми хатшысы С.Қ.Қожықованың және Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ докторанты Х. Астың құрастыруымен жарық көрген «Қоңырқожа Қожықов – Ұлттық элитаның көрнекті өкілі» жинақтың таныстырылымына қатысты.


27 қантар 2025 жыл
2025 жылғы 24 қаңтарда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің директоры Жұматаева Баян Амантайқызы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің оқытушысы, А.Байтұрсынұлы атындағы қазақ тіл білімі кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Құлжанова Бақытгүл Райханқызымен


23 қантар 2025 жыл
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің биылғы Қазақстан халқына Жолдауында 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады және тиісті Жарлыққа қол қойды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz