Әр ұлтты ерекшелендіретін дәстүрлі құндылықтары, әр ұлттың қолтаңбасы іспетті дара әдет-ғұрпы, салт-санасы, ұлттық киімдері бар.
Қазіргі таңда заманауи стильде тігілген ұлттық киімдер сұранысқа ие бола бастады. Алайда оларға деген сұраныс артқанымен, белгілі бір мейрамдарда ғана тұтынатыны адамға ой салады.
Осыған орай Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері 2024 жылғы 18 наурызда ұлттық киімнің маңыздылығын насихаттау мақсатында «Ұлттық киім ұлықтау күнін» өткізді.
Архив қызметкерлері шараға белсенді қатысты. Олар әдемі ұлттық киімдер киіп, ұлттық нақыштағы әшекейлерді үйлестіріп таққанда осындай көрініс тек мерекелерде емес, күнделікті өмірімізге енсе екен деген ой келді.
2024 жылғы 2 желтоқсанда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері «АЙБОЗ» ұлттық әдеби сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне қатысты.
2024 жылы 22 қараша күні Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде «Архив-2025: нәтижелер мен мәселелер» атты ғылыми – тәжірибелік конференция өтті.
2024 жылғы 21 қарашада Астана қаласында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті Ұлттық архив базасында «Мемлекеттік архивтердің жариялау қызметі» тақырыбында семинар ұйымдастырды.
ОМҒТҚА қызметкерлері 2024 жылы 19-қараша күні Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама, кітап ісі комитеті “ Орталық мемлекеттік архив” республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры, тарих ғылымдарының кандидаты С.Қ. Шілдебайдың “ Қазақ АКСР мемлекеттік билік жүйесінің өкілдері” атты ғылыми анықтамалығының таныстырылымына қатысты.