Новости:
20 наурыз 2024 жыл
Көктем мен жаңарудыдың бастауы саналатын Наурыз мерекесі қарсаңында 2024 жылдың 20 наурызы күні Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архиві мен Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архиві командаларымен қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі «Асық ату» ойынын өткізді.
Ертеден келе жатқан бұл ұлттық ойынның тәрбиелік маңызы зор. Ол баланы ептілікке, мергендікке, шапшаңдыққа, сергектікке баулиды. Асық ойнап өскен бала өзгелерден зеректеу, табандырақ, шыдамды болып келеді. «Асығың алшысынан түссін» деп мақалдап сөйлеуінде асық ойынының қазақ мәдениетіндегі өзіндік орнын байқатады. Асықтың: алшы, тәйке, бүк, шік, омпа, шоңқа деген түрлері болады. Оның ішінде алшыны өте жоғары бағалаған. Өмірде жолы болған дәулетті адамдарды «Асығы алшысынан түсіп тұр» деп айтқан. Осы ойын арқылы бабаларымыз жас ұрпақты жастайынан шыңдауға, оларды дәлдікке, ұстамдылыққа, байсалдыққа, төзімділікке, шыдамдылыққа тәрбиелеген.
Сонымен қатар «Арқан тарту» ұлттық ойыны да өтті. Алаң ортасына көлденең сызық сызылып, екі архивтің командалары екі ұшы тұзақтап байланған ұзын арқанды алып екі жақтан белге салып өз жағына қарай тарта бастады. Ортадағы көлденең сызықтан ОМҒТҚА тобы бұрын сүйреп өткізіп, жеңіске жетті.


Все новости

Жаңалықтар

Барлығын көрсету
16 наурыз 2025 жыл
Қазақстанда жалпыұлттық «Наурызнама» онкүндігіне сәйкес 16 наурыз Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні болып белгіленген. Ондағы негізгі мақсат - халқымыздың дүниетанымы, салт-дәстүр, әдет-ғұрпы мен жөн-жоралғы, наным-сенімін, халықтың рухани өзегі саналатын ана тілін құрметтеу, ұлт құндылығын насихаттау.


15 наурыз 2025 жыл
Дәстүрлі құндылық ретінде қайырымдылықтың орны біздің қоғамда аса маңызды. Миллиондаған қазақстандықтар атсалысып жүрген қайырымдылық іс-шаралары осыны көрсетеді.


14 наурыз 2025 жыл
2025 жылдың 14 наурызы күні Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде Наурыз мейрамының алғашқы мерекесі «Көрісу күні» өтті.


07 наурыз 2025 жыл
2025 жылғы 7 наурызда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Әсел Тұрсыналиева 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтап, архив директоры Баян Амантайқызына және бір топ әріптестеріне «Қазақстандық салалық мәдениет спорт туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі төрайымы С. Имақұлованың Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру идеясы аясында қоғамның дамуына қосқан елеулі үлесі, әлеуметтік әріптестікті дамыту жолындағы жемісті еңбегі үшін және 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай берілген Алхыс хаттарын табыстады.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz