Новости:
21 наурыз 2024 жыл
Биыл Мемлекет басшысының ұсынуы бойынша еліміздің барлық өңірінде Наурыз мерекесі жаңа форматта өткізілуде. Наурызнама онкүндігі жарияланып, Наурыздың бірегей логотипі бекітілді және ондағы үш қызғалдақ Қазақстанның өткенін, бүгінін және болашағын бейнелейтіндей.
Наурызнамаға сәйкес 21 наурыз Ынтымақ күні болып белгіленді. Бұл күннің мақсаты – жалпы адамдар бір-біріне деген құрметті арттырып, бейбітшілік пен бірлікті насихаттау болып табылады.
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві ардагерлерге қызмет көрсету бүгінгі ұрпақтың міндеті дегенді ұстана келе бүгінде архив саласында ұзақ жылдар бойы абыройлы еңбек етіп, архив ісін дамытуға өлшеусіз үлес қосқан сала ардагерлеріне мерекелерде сый-құрмет көрсетуді дәстүрге айналдырған. Сонымен қатар бұндай құрметті ОМҒТҚА қор құрушылары-еліміздің дамуына әр салада еңбек етіп үлес қосқан жеке тек қор құрушылар да бөленуде.
Архив қызметкерлері, әсіресе жас буын әрбір кездесу барысында тәжірибелері мол ардагерлерден кеңестер алып, архивші маманның жасаған еңбегі өте маңызды және абыройлы екендігіне көз жеткізеді. Ал бұл үрдіс өз кезегінде ұрпақтар сабақтастығын жалғайтынына сенім білдіреміз.


Все новости

Жаңалықтар

Барлығын көрсету
08 мамыр 2025 жыл
2025 жылғы 8 мамырда ОМҒТҚА сараптамалық-тексеру және әдістемелік комиссиясының отырысында


06 мамыр 2025 жыл
2025 жылғы 6 мамырда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық архивінің қызметкерлері Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары архиві өткізген «Ұлттық тарихты сақтау мен зерттеудегі кино-фотоқұжаттардың рөлі» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты.


30 сәуір 2025 жыл
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері жалпы жоспарлы қалалық сейсмикалық жаттығуларға қатысты. Олар апаттық чемодандарын дайындап, эвакуация пунктін – М.Ю. Лермонтов атындағы драма театры ғимаратын анықтады.


24 сәуір 2025 жыл
Қазақстан-түрік ынтымақтастығы барлық салаларда қарқынды дамуды жалғастыруда. Бұл ортақ тарих, тіл, экономика, мәдениет және басқа да салаларға негізделген екіжақты қарым-қатынастар.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz