Новости:
28 наурыз 2024 жыл
Бүгінгі таңда мемлекетімізде шетел архивтері, ғылыми орталықтары мен кітапханаларында еліміздің тарихына қатысты тарихи мұрамыз болып табылатын құжаттарды анықтап, көшірмелерін алу үрдісі үлкен белең алуда. Осы орайда ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі кезеңді қамтитын барлық отандық және шетелдік архивтерде кешенді зерттеулер жүргізу үшін «Архив-2025» бағдарламасы үлкен рөл атқаруда. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі 2020-2025 жылдарға арналған кешенді іс-шаралар жоспары аясында республика бойынша архив қызметкерлері мен тарихшылар шетелде құжаттар анықтау жұмысын жүргізуде. Болашақта жинақталған құжаттық деректер мен материалдар қалың жұртшылық назарына ұсынылатын болады.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау жұмысын жүргізуде.
Қазақстандық делегация өкілдерін Латвия Ұлттық архивінің директор орынбасарлары Гатис Карлсонс мен Ингуна Слайдина, халықаралық қатынастар бойынша маманы Мелдра Усенко және кітапхана қызметкері Богданова Рита қарсы алып, архив қызметімен таныстыру мақсатында экскурсия ұйымдастырған.
ОМҒТҚА қызметкерлері еліміздің тарихи қазынасын құнды деректермен толықтыратын архив құжаттарын анықтау жұмыстарын белсенді түрде жүргізуде.


Все новости

Жаңалықтар

Барлығын көрсету
23 сәуір 2025 жыл
2025 жылдың 23 сәуірінде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві бірлесіп өткізген Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындары студенттерінің арасында архивтану және құжаттану пәндері бойынша ХVII Республикалық пәндік олимпиада жұмысына қатысты.


22 сәуір 2025 жыл
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері «Ұлы Отан соғысының жаңа беттері (соңғы жылдары табылған құжаттар негізінде)» халықаралық ғылыми-практикалық конференция және «Қазақстан: Бәрі де Жеңіс үшін, бәрі де майдан үшін!» құжаттық көрме жұмысына қатысты.


22 сәуір 2025 жыл
Бүгін Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, мемлекеттік есепке алу және ҒАА құру бөлімінің біліктілігі жоғары деңгейдегі маман-архивисі А.Абрахманова «Ғылыми-техникалық құжаттама каталогының карточкаларын ОМҒТҚА электрондық деректер базасына енгізу» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


18 сәуір 2025 жыл
2025 жылдың 18 сәуірінде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Ұлы Отан соғысы ардагерлері – ғалымдардың ерлігі архив құжаттарында» конференциясын және 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен қатысушыларының, архив қызметкерлерінің соғысқа қатысқан ата-бабаларының құжаттары мен материалдары негізінде құжаттық көрме өткізді.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz