Новости:
25 ақпан 2016 жыл
2016 жылдың 24 ақпанында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті тарих, археология және этнология факультетінің 1 курс мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету мамандығы бойынша магистрантарына шолу экскурсиясын өткізді.
Архивістер магистрантарды ОМҒТҚА қорлары бойынша дайындаған құжаттық көрмесімен таныстырып, архивтің құрылу тарихы, жұмысының негізгі бағыттары, қорлардың құрамы және сипаттамасы, толықтыру көздері туралы және т.б. айтып берді. Магистрантар ОМҒТҚА шығарған құжаттар жинақтарына, альбомдарға және мақалаларға ерекше қызығушылық танытты. Қор қоймаларында құжаттардың сақтау жағдайы көрсетілді. IX ғасырдың соңы-XX ғасырдың бас кезіндегі бірегей құжаттарды: матада, калькада жасалынған жобалар мен сызбаларды, жеке қорлардан алынған фотоальбомдарды және т.б. үлкен қызығушылықпен қарап шықты.
Магистрантар үшін өткізілген экскурсия кәсіптік бағдарлау және архивістердің мамандығымен танысу өте маңызды болды








Все новости

Жаңалықтар

Барлығын көрсету
15 сәуір 2026 жыл
2026 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде архив қызметінің маңызды мәселелерін қарайтын дирекцияның отырысы өтті.


12 сәуір 2026 жыл
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві барша ғылым саласы қызметкерлерін, ғалымдарды, ғылыми институт мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтайды!


10 сәуір 2026 жыл
2026 жылғы 10-сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Тарих факультетімен бірлесіп, 12-сәуір – Қазақстан Ғылым қызметкерлерінің күні мерекесіне орай «Тұлғалар мұрасындағы ғылыми-техникалық құжаттар: сипатталуы, сақталуы және пайдаланылуы» атты республикалық дөңгелек үстел өткізді.


10 сәуір 2026 жыл
2026 жылғы 9 сәуірде жұмыс сапары аясында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрайымы Айзада Амангелдіқызы Құрманова Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде болды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz