2018 ж. 15 қаңтарынан 24 наурызға дейінгі аралықта әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің, тарих, археология және этнология факультеті, «мұрағаттану, құжаттану және құжатпен қамтамасыз ету мамандығының», 4 курс студенттері Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде өндірістік тәжірибеден өтті. Өндірістік тәжірибе барысында студенттер теориялық білімдерін іс-жүзінде бекітіп, архив ісінің әр түрлі бағыттағы жұмыстарын меңгерді.