Новости:

21 маусым 2022 жыл

"Архив–2025" кешенді бағдарламасын жүзеге асыру аясында Қазақстан тарихына тиесілі құжаттар мен материалдың көшірмелерін анықтау және сатып алу бойынша ОМҒТҚА қызметкерлері И.К.Ерғалиева, Н. Тұрсынбек және А. Молдағали өз жұмысын бастады.


17 маусым 2022 жыл

2022 ж. 17 маусымда Қазақстан Республикасы Президенті Архиві директорының орынбасары Д. Ю. Абдукадырова және жас архившілердің V жазғы мектебіне қатысқан архивистер тобы ОМҒТҚА болды.
Архив қызметкерлері қонақтар үшін экскурсия өткізіп, архивтің қызметінің негізгі бағыттарымен, материалдық-техникалық базасымен, құжаттарды сақтау жағдайларымен және архив жетістіктерімен таныстырды.


16 маусым 2022 жыл

2022 жылдың 15 маусымында Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті және Ресей мемлекеттік гуманитарлық университеті бірлесе ұйымдастырған архив мамандарына арналған Жазғы мектеп өз жұмысын бастады.


09 маусым 2022 жыл

2022 жылдың 3 маусымында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивіне журналист, археолог, петроглифтерді зерттеуші О.Н Гумирова мен №134 мектептің ұстаздары және 11 сыныптың оқушысы, жас зерттеуші Тё Сандин Владимирович келді. Қонақтар П.И. Мариковскийдің жеке қорындағы құжаттармен танысып, қызығушылықтарын танытты.


09 маусым 2022 жыл

2022 жылдың 9 маусымында, Халықаралық архивтер күніне орай ҚР ОМҒТҚА Ашық есік күні өтті. Алматы қаласының № 134 лицейінің оқушылары республиканың жетекші архивтерінің бірімен және оның қызметімен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды.


Всего 810 на 162 страницах по 5 каждой странице

Жаңалықтар

Показать все
26 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 26 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Орталық мемлекеттік архив» РММ мен «Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы» РММ бірлесіп өткізген көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақ ҚСР Орталық Атқару Комитетінің төрағасы (1937-1938)


25 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 25 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері танымал қазақстандық ғалым, белгілі шығыстанушы, тарих ғылымдарының докторы Клара Шайсұлтанқызы Хафизованың 85 жасқа толуына орай «К.Ш. Хафизованың еңбектеріндегі Халықаралық диалог және өзара мәдениет алмасу» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының жұмысына қатысты.
ОМҒТҚА директоры Жұматаева Баян Амантайқызы мерейтой иесіне құттықтау сөзін арнады.


22 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 22 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу бөлімінің қызметкерлері әріптестеріне «Істер тізімдемелерін өңдеу және оларды жетілдіру (істер тізімдемелерін жетілдіру, олардың ақпаратты іздеу деңгейі мен сапасын арттыру)» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz