Новости:

07 желтоқсан 2021 жыл

2021 жылдың 7 желтоқсанында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде кезекті дирекция отырысы өтті.


29 қараша 2021 жыл

2021 жылдың қараша айынын 26 күні Нұр-Сұлтан қаласында Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында «Қазақстандағы жазба мұралардың реставрациясы және сақтау мәселелері» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік семинар өтті. Оған Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қос бірдей қызметкері, ақпараттық технологиялар және цифровизация бөлімінің жоғары деңгейлі білікті маман-архивистері Абайбол Омарбеков және Азат Көпешов қатысты.


29 қараша 2021 жыл

2021 ж. 24-26 қарашасында ҚР ОМҒТҚА қызметкерлері Т. П. Исакова мен Е. Скрипко «Қағазды идентификациялау» тақырыбындағы Халықаралық ғылыми-практикалық мастер-классқа қатысты. Шеберлік сабағын Германия Федеративтік Республикасының (Берлин қ.) маманы, қағазды қолдан жасаушы Г. Ульбрихт өткізді.


22 қараша 2021 жыл

19 қараша. Алматыда Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Архив істері және құжаттаманы басқару комитетіне қарасты ҚР Орталық мемлекеттік архивінің 100 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті.


22 қараша 2021 жыл

ҚР ОМҒТҚА Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Архив істері және құжаттаманы басқару комитетімен бірлесіп «Қазақстан архивтері» анықтамалығының жаңартылған басылымын дайындап жарыққа шығарды.


Всего 808 на 162 страницах по 5 каждой странице

Жаңалықтар

Показать все
22 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 22 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу бөлімінің қызметкерлері әріптестеріне «Істер тізімдемелерін өңдеу және оларды жетілдіру (істер тізімдемелерін жетілдіру, олардың ақпаратты іздеу деңгейі мен сапасын арттыру)» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


10 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz