Новости:

21 мамыр 2019 жыл

2019 ж. 17 мамырында ОМҒТҚА қызметкерлері ҚР Мемлекеттік орталық музейі өткізген «МУЗЕЙ ТҮНІ 2019» іс-шарасына қатысты. Музей түнінің ұраны – «Жастар. Бастамалар. Жетістіктер», қазіргі жастардың бастамалары мен жаңашыл идеяларын қолдауға бағытталған.


20 мамыр 2019 жыл

2019 ж. 16 мамырында ОМҒТҚА қызметкері Ж. Қаламбаева ҚР Мемлекеттік орталық музейінде өткен суретші-график, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Фатима Таразидің «Тұран» атты жеке көркем туындылар көрмесінің ашылуына қатысты.


20 мамыр 2019 жыл

2019 ж. 17 мамырында ОМҒТҚА директоры Б. Жұматаева мен архивтің қызметкері М.Шегебаев «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мен Қазахстан Республикасындағы Жастар жылы аясында М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінде (Ақтөбе қ.) өткен 1941–1945 жж. Ұлы Отан соғысының ардагері, медицина ғылымдарының докторы, профессор Халида Есенғұлқызы Маманованың 100-жылдығына арналған «Шекарасыз білім мен ғылым. Іргелі және қолданбалы зеттеулер» атты Халықаралақ ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты.


16 мамыр 2019 жыл

2019 ж. 15 мамырында ОМҒТҚА қызметкері Ж. Қаламбаева ҚР Мемлекеттік орталық музейі өткен батик өнерінің шебері Жанар Нүкетаеваның «Менің Жібек жолым» атты жеке көрмесінің ашылуына қатысты.


04 мамыр 2019 жыл

2019 ж. 4 мамырында ОМҒТҚА директоры Б. Жұматаева 1941–1945 жж. Ұлы Отан соғысының ардагері Иван Акимович Абдуловты келе жатқан мерекелер – Отан қорғаушылар Күні және Жеңіс Күнімен құттықтады.


Всего 810 на 162 страницах по 5 каждой странице

Жаңалықтар

Показать все
26 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 26 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Орталық мемлекеттік архив» РММ мен «Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы» РММ бірлесіп өткізген көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақ ҚСР Орталық Атқару Комитетінің төрағасы (1937-1938)


25 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 25 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері танымал қазақстандық ғалым, белгілі шығыстанушы, тарих ғылымдарының докторы Клара Шайсұлтанқызы Хафизованың 85 жасқа толуына орай «К.Ш. Хафизованың еңбектеріндегі Халықаралық диалог және өзара мәдениет алмасу» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының жұмысына қатысты.
ОМҒТҚА директоры Жұматаева Баян Амантайқызы мерейтой иесіне құттықтау сөзін арнады.


22 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 22 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу бөлімінің қызметкерлері әріптестеріне «Істер тізімдемелерін өңдеу және оларды жетілдіру (істер тізімдемелерін жетілдіру, олардың ақпаратты іздеу деңгейі мен сапасын арттыру)» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz