рус
|
ќаз
Вход
Логин 
Пароль 
Авторизация пользователя
ЦЕНТРАЛЬНЫЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ АРХИВ НАУЧНО - ТЕХНИЧЕСКОЙ ДОКУМЕНТАЦИИ
 
Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі.

2018 жылдың 5 қазанында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына арналған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы жариялаған еді. Жолдау еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне арналды. Елбасы Үкіметке 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақыны 28 мың теңгеден 42 мың теңгеге дейін көтеруге тапсырма берді. «Бұл түрлі салада еңбек ететін 1 млн 300 адамның өмір сүру деңгейін жақсартуға сеп болады» - деді Елбасы. Сондай – ақ, бюджеттік ұйым қызметкерлерінің еңбекақыларын 35% ға дейін көтеру тапсырылды. Сонымен қатар, шағын және орта бизнесті дамыту мәселесін қозғап, бұл бағытқа 30 млрд теңге қаражат бөлінсін дегенді айтты. Бизнесті дамытудың 2050 жылға дейінгі жоспары бойынша 22 мың азамат тұрақты жұмыспен қамтылуы тиіс. Бұдан бөлек Нұрсұлтан Назарбаев, туризм мен ауыл шаруашылығы салаларына айрықша тоқталды. «Еліміз туризмді дамытуы керек, СҚО-дағы Шалқар көлін алайық, Бурабайдан ешқандай кем тұсы жоқ», – деді Ұлт көшбасшысы. Өз жолдауында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев білім беру сапасын арттыру қажеттігін, медицинаны дамытып жаңа технологиялар мен жабдықтар орнату керектігін, ауыл шаруашылығы саласын ілгерілітіп, экспортқа өз өнімімізді шығару тиіс екенімізді баса айтты.
Осы мәселелермен қатар көптеген атқаратын жұмыс бағыттарын көрсете отырып «Рухани жаңғыру» бағдарламасын әрі қарай жалғастырып қана қоймай, оның аясын жаңа мазмұнмен және бағыттармен толықтыру қажеттілігін атап өтті. Ол дегеніміз ұлттық құндылықтарды құрметтеуге, туған жерді көркейтуге, жаңашыл ойлап, қоғам үшін игі іс жасауға үндеген мақаласы оқырман қауымға парасатты ой тастады және бойымыздағы рухани құндылықты түлетіп, жаңғырту жолындағы ойлары мен бастамалары санаға рух, жанға жігер беретінін ескеріп, алдымен шынайы патриотизмнің маңызды көріністерін алға қою көзделеді.
Туған жеріміздің мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айырықша мән беретін, халықтың отанға, елге деген патриоттық сезімдерінің тұлға бойында қалыптасуына ерекше көңіл бөлінетініне және маңызы зор екенін ескеру керек.
Мен халқымның тағылымы мол тарихы мен ерте заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете оты-рып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сенім¬мен бет алуын қалаймын.
Ауылшаруашылық саласын дамыту үшін, туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәс¬түрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысуға барлық Қазақстандықтардың қосатын үлесінің болуы маңызды.
Бұл кез келген халықты әншейін біріге салған қауым емес, шын мәніндегі ұлт ететін мәдени-генетикалық кодының негізі.
Бай табиғатымыз бен мәдени әлеуетімізді пайдалану үшін сырттан келетін және ішкі туризмді дамытуға ерекше көңіл бөлу қажет. Үкімет қысқа мерзімде салалық мемлекеттік бағдарлама қабылдауға тиіс.
Біздің бабаларымыз ғасырлар бойы ұшқан құстың қанаты талып, жүгірген аңның тұяғы тозатын ұлан-ғайыр аумақты ғана қорғаған жоқ.
Олар ұлттың болашағын, келер ұрпағын, бізді қорғады. Сан тараптан сұқтанған жат жұртқа Атамекеннің қарыс қадамын да бермей, ұрпағына мирас етті.
Сол мирас еткен әдемі, тұмса табиғатымыздың сан-алуан көркемдігін, табиғи құбылыстары мен құндылықтарының барлығын туризм арқылы әлемге танытып, Қазақстан мемлекетінің ерекшелігімен таныстыру.
Қатер жаңғыруды әркімнің ұлттық даму үлгі¬сін бәріне ортақ, әмбебап үлгіге алмастыру ре¬тінде қарастыруда болып отыр. Алайда, өмірдің өзі бұл пайымның түбірімен қате екенін көрсетіп берді. Іс жүзінде әрбір өңір мен әрбір мемлекет өзінің дербес даму үлгісін қалыптастыруда.
Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс.
Абайдың даналығы, Әуезовтің ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күй¬лері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні – бұлар біздің рухани мәдениетіміздің бір парасы ғана.
Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Музейлер мен галереялар қорын байыта түсуге болады. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс.
Басқа аймақтарға көшіп кетсе де туған жерлерін ұмытпай, оған қамқорлық жасағысы келген кәсіпкерлерді, шенеуніктерді, зиялы қауым өкілдері мен жастарды ұйымдастырып, қолдау керек. Бұл – қалыпты және шынайы патриоттық сезім, ол әркімде болуы мүмкін. Оған тыйым салмай, керісінше, ынталандыру керек.
Туған жеріне көмек жасаған жандарды қолдап-құрметтеудің түрлі жолдарын табу керек.
Адам еңбекқор болып, өз кәсібін жақсы меңгергенде және лайықты жалақы алуға немесе жеке кәсіп ашып, оны дамытуға мүмкіндік болған кезде табыс артады. «Туған жер» бағдарламасы жалпыұлттық патриотизмнің нағыз өзегіне айналады.
Туған жерге деген сүйіспеншілік Туған елге – Қазақстанға деген патриоттық сезімге ұласады.
Қазіргі таңда патриотизмді қалыптастыру мәселесі бұрынғыдан гөрі өткір болып тұрғандай. Себебі жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру жолына мемлекет басшылары да ерекше ықылас танытып, көңіл бөліп отырғаны анық. Қазақстан патриотизмінің іргетасы – барлық азаматтардың тең құқылығы және олардың Отан намысы алдындағы жалпы жауапкершілігі».
Елбасы Н.Назарбаевтың: «Әрбір адам біздің мемлекетімізге, оның бай да даңқты тарихына, оның болашағына өзінің қатысты екенін мақтанышпен сезіне алатындай іс-қимыл жүйесін талдап жасауы қажет. Елдің проблемалары да, келешегі де барлық адамға жақын әрі түсінікті болуы тиіс. Әрбір адам бала кезінен Қазақстан – менің Отаным, оның мен үшін жауапты екені сияқты мен де ол үшін жауаптымын деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей істеген жөн», – деуі Қазақстан азаматтарының бизнесті өркендетудің тұрақты көздерін қалыптастырып, жеке инвестицияны ынталандыру және нарық еркіндігін қолдауы керек. Дәл осы бизнес арқылы жаңа жұмыс орындары ашылып, қазақстандықтардың басым бөлігі табыспен қамтамасыз етілетінін айтып өткен.
Қазіргі уақытта көтеріліп отырған маңызды мәселелер қатарында жастарды ұлттық менталитетімізге баулып, мәдениетімізді дәріптетіп, салт-дәстүрлерімізді жаңғыртатын патриоттық сезімге баулып, өсіру өзекті саналады. Қазақстанның кез келген азаматын отансүйгіштік, патриоттық рухта тәрбиелеудің орны бұрын да бөлекше болған, бүгін де маңызын жойған емес.
Білім сапасын бағалау жүйесі халықаралық стандарттарға негізделуге тиіс. Орта мектептердің өзінде балаларды мейлінше сұранысқа ие мамандықтарға бейімдеп, кәсіби диагностика жүргізу маңызды.
Кез келген елдің дамуы саналы азаматтар қатарының көбеюімен де байланысты. Себебі болашақ – қазақ жастарының қолында. Ал осы жолда тайсалмай, елім үшін деп ерінбей еңбек ететін болсақ, өз үлесімізді қосарымыз анық. Келешекте ел тізгінін қолға алатын жастардың барынша білімді, жан-жақты, білікті болуы қаншалықты маңызды болса, олардың Отанына деген сүйіспеншілігінің мол болуы ұлттық құндылығымызды сақтаулары басты қажеттілік болып саналады. Өйткені, елін, жерін сүймеген азамат Отанына адал қызмет ете алатыны күмән тудырады. Ұлтының патриоты болған адам ана тіліне бей-жай қарай алмайды. Ал өз тілінде де, өзге тілдерде де еркін сөйлейтін маман қай кезде де еліне пайда келтіре алатыны анық. Мектептерді компьютерлендіру, жергілікті жо¬ғары оқу орындарына демеушілік жасау, айырықша маңызды мәселелердің бірі.
Шағын және орта бизнесті дамыта отырып, өзінің туған жерінің, туған өлкесінің көркеюіне үлес қоса білген азамат бүкіл елдің игілігі үшін қызмет ете алады.
Ұрпақ сабақтастығы деген халық болып ұйысып өмір сүру мүмкіндігі, жеке¬шілдік емес, ұжымдық, елдік үрдіс болғандықтан ұлт¬тық құндылықтарымызды жаңғыртудың маңызы өте зор.
Жастайынан дін мен дәстүрімізді, тағылымды тарихымызды оқып, сусындап өскен ұрпақ теріс ағымдар мен жат мәдениеттің жетегінде кетпейді. Салт-дәстүрі мен тарихына ерекше мән берген елдің тұғыры биік, іргесі берік болмақ.


Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік
ғылыми-техникалық құжаттама архиві
Ақпарат және құжаттарды пайдалану бөлімінің
жоғары білікті архивист маманы
Ануарханова Лаура Ануарханқызы

Новости

Показать все
03 декабря 2019 года
29 ноября 2019 г. по приглашению историко-культурного центра «Атамекен», расположенного в с. Чемолган Карасайского района Алматинской области, сотрудники РГУ «Центральный государственный архив научно-технической документации» приняли участие в праздничном мероприятии в канун 1 декабря – Дня Первого Президента Республики Казахстан.


29 ноября 2019 года
28 ноября 2019 г., в канун празднования Дня первого Президента Республики Казахстан в Архивном городке (г. Алматы, пр-т Абая, 39) была высажена туя, преподнесенная архивистам в качестве дара.


28 ноября 2019 года
28 ноября 2019 года в Центральном государственном архиве научно-технической документации Министерства культуры и спорта Республики Казахстан состоялось собрание коллектива, посвященное государственному празднику – Дню первого Президента Республики Казахстан, который будет отмечаться 1 декабря.


18 ноября 2019 года
18 ноября 2019 г. состоялось очередное заседание дирекции Центрального государственного архива научно-технической документации


Яндекс.Метрика Web site engine code is Copyright ©2007-2008 by Kasseler CMS. All rights reserved.   Разработка и поддержка: neon-group