Қазақстан архивтері» анықтамалығы

ҚР ОМҒТҚА Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Архив істері және құжаттаманы басқару комитетімен бірлесіп «Қазақстан архивтері» анықтамалығының жаңартылған басылымын дайындап жарыққа шығарды.
Анықтамалық 2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорында сақталған құжаттардың құрамы мен мазмұнын, сонымен бірге, республикадағы архив мекемелерінің қызметі туралы ақпараттар мен басқа да мәліметтерді ашып көрсетеді.
Басылым құрылымдық жағынан үш бөлімнен тұрады: бірінші бөлімде – республикалық мемлекеттік архив мекемелері, екінші бөлімде – облыстық және үшінші бөлімде – қалалық мемлекеттік архивтер (астаналық, республикалық бағыныстағы қалалар және облыс орталықтары) туралы ақпарат орналастырылған.
Анықтамалықта ғылыми-анықтамалық аппарат алғы сөзбен және мәтінде кездесетін қысқартылған сөздердің тізімімен ұсынылған. Жинақта республиканың архив мекемелері ұсынған фотоматериалдар берілген.
Анықтамалықпен жұмыс жасағандар: Қ.Қ. Бораш, Г.Е. Қарсақбаева, Б.А. Жұматаева, Ж.Ә. Қаламбаева, В.Е. Печерских, Н. Тұрсынбек.
Бұл анықтамалық құрал көпшілік оқырман қауымға, зерттеушілерге, тарихшылар мен студенттерге арналған.

Жаңалықтар

Барлығын көрсету
23 сәуір 2025 жыл
2025 жылдың 23 сәуірінде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві бірлесіп өткізген Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындары студенттерінің арасында архивтану және құжаттану пәндері бойынша ХVII Республикалық пәндік олимпиада жұмысына қатысты.


22 сәуір 2025 жыл
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері «Ұлы Отан соғысының жаңа беттері (соңғы жылдары табылған құжаттар негізінде)» халықаралық ғылыми-практикалық конференция және «Қазақстан: Бәрі де Жеңіс үшін, бәрі де майдан үшін!» құжаттық көрме жұмысына қатысты.


22 сәуір 2025 жыл
Бүгін Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, мемлекеттік есепке алу және ҒАА құру бөлімінің біліктілігі жоғары деңгейдегі маман-архивисі А.Абрахманова «Ғылыми-техникалық құжаттама каталогының карточкаларын ОМҒТҚА электрондық деректер базасына енгізу» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


18 сәуір 2025 жыл
2025 жылдың 18 сәуірінде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Ұлы Отан соғысы ардагерлері – ғалымдардың ерлігі архив құжаттарында» конференциясын және 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен қатысушыларының, архив қызметкерлерінің соғысқа қатысқан ата-бабаларының құжаттары мен материалдары негізінде құжаттық көрме өткізді.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz