ќаз
|
рус
Вход
_USERNAME 
_USERPASSWORD 
Авторизация пользователя
ОРТАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТАМА
АРХИВI
 
ҰЛТТЫҚ САНАНЫ ЖАҢҒЫРТУ – ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ МҰРАТЫ

Тұрсынбек Нұрдина
Орталық мемлекеттік
ғылыми-техникалық
құжаттама архивінің
жоғары санатты архивисі



Еліміз өз тәуелсіздігін алған сәттен бастап әлемдік аренада өз орнын нақты қалыптастыра бастады. Ел дамуының түрлі бағыттары Елбасы саясатының стратегияларынан анық көрінеді. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев ұсынған «Мәңгілік ел» идеясы халықтың қолдауын тапты. Мәңгілік ел идеясы сонау өткен тарихымызға тамырын терең тартады. Тарих тағылымы, тұлғалар мұрасы ұлттық тәрбие арқылы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады.
Ұлттық сананы ұлт руханиятының өзегі дейтін себебіміз, тарихта қазақты ұлт ретінде сақтап қалған дүние - ұлттық сана, ұлттық сананың рухы. Ұлттық сана ұлттың рухани әлемінде сақталып, ұрпаққа рухани дүниелер арқылы беріліп отырғандықтан да тарихтың қиын кезеңдерінің өзінде елдің бірлігі жоғалмаған. Сондықтан да ұлттық сана – ұлт руханиятының негізі болмақ.
Осы үрдісті бүгінгі күнге енгізіп, болашақ ұрпаққа жалғастырудың маңыздылығы Елбасының мақалалары мен халыққа жолдауында айтылған айқын міндеттерден байқалады. Ұлы Дала елінің бойында белгілі тарихи себептермен қалғып кеткен прагматизмді ояту арқылы ұлттық, қоғамдық ойға, іске сілкініс әкелу, тәуелсіз елдің санасы мен ағзасын отар¬-шыл¬дық, кембағалдық, бойкүйездік ком¬плекстерінен тұтастай арылту ең басты мақсат. Елбасы Н.Ә. Назарбаев барша халықты қазақтың ежелден келе жатқан «дәс¬түрдің озығы бар, тозығы бар» қағидасын мықтап ұстануға шақыра отырып, «Мен қазақстандықтардың ешқашан бұлжымайтын екі ережені түсініп, байыбына барғанын қалаймын. Біріншісі – ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек» деп атап өтті.
Елбасы нұсқаған ұлттық бірегейлікті сақтай отырып, заман ағымына қарай оның сипаттарын өзгерту, «білім куль¬тін» қалыптастыру, мемлекет пен қоғамды рево¬люциялық емес, эволюциялық жолмен дамыту, ең бастысы, сананың ашықтығын, яғни әлемдік озық жаңалықтарға, ғылым-білімге құшақты айқара ашу идеялары ұлттың рухани-мәдени қалыбы болары даусыз. Жаңа дәуір сынақтарын бәсекелік қабілеті ерекше ел ғана еңсере алады. Осы тұрғыда Елбасының мемлекет пен қоғам алдына қойып отырған нақты міндеттері рухани саладағы түбегейлі реформалардың алтын бастауына айналарына күмән жоқ.

Еліміздің төл тарихын білу арқылы тарихи сана қалыптасады. Ал тарихи сана арқылы ұлттық сана өсіп жетіледі, ұлттық санамыз биік деңгейге көтерілсе, егемендігіміз тұғырлы болатыны анық.


Опубликовано на massaget.kz
https://massaget.kz/blogs/oy_tolgaular/25487/

Жаңалықтар

Показать все
07 желтоқсан 2023 жыл
2023 жылғы 7-8 желтоқсанда Бейбітшілік және келісім сарайында (Астана қ.) Қазақстан Республикасының «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» заңының қабылданғанына 25 жыл толуына және Қазақстан Республикасы астанасының 25 жылдығына арналған «Astana archive fest» Халықаралық архивистер форумы өтті.


06 желтоқсан 2023 жыл
2023 жылғы 6 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің мәжіліс залында (Астана қ.) «Архив – 2025: нәтижелер мен мәселелер» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті (Шетелдік қазақстаника бойынша құжаттарды анықтау, көшірмесін жасау, сандық форматқа аудару және жариялау мәселелері мен болашағы).


05 желтоқсан 2023 жыл
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде онлайн форматта ZOOM конференц-платформасында «University Service Management» жеке мекемесінің қызметкерлеріне арналған «Ғылыми-техникалық құжаттаманы сақтау, есепке алу және пайдалануды ұйымдастыру» тақырыбында семинар өтті.


05 желтоқсан 2023 жыл
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің ҰАҚ толықтыру және ведомстволық архивтер бөлімінің қызметкерлері директоры Баян Амантайқызы Жұматаева және архив ұжымы атынан Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы ведомстволық архивінің қызметкері Ләззат Қаспайқызы Бақтыбаеваға көпжылдық жемісті еңбегі үшін алғыс білдіріп, зейнеткерлік демалысқа шығуына байланысты зор денсаулық және ұзақ ғұмыр тіледі.


Яндекс.Метрика Web site engine code is Copyright ©2007-2008 by Kasseler CMS. All rights reserved.   Разработка и поддержка: neon-group