ќаз
|
рус
Вход
_USERNAME 
_USERPASSWORD 
Авторизация пользователя
ОРТАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТАМА
АРХИВI
 
ҚР ОМҒТҚА ұжымы дайындаған «Жадымыздан өше бастаған және жаңа туған есімдерді ғылымның сан тараулы саласынан іздестіру. Қазақстан: 1960-2000 жж.» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. Нұр - Сұлтан қ., 2019 ж. 4 қазаны

ҚР ОМҒТҚА ұжымы дайындаған «Жадымыздан өше бастаған және жаңа туған есімдерді ғылымның сан тараулы саласынан іздестіру. Қазақстан: 1960-2000 жж.» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. Нұр - Сұлтан қ., 2019 ж. 4 қазаны / Редакциялық алқасы: Б.А. Жұматаева, Ж.Ә. Қаламбаева, В.Е. Печерских. – Алматы: Print_express, 2020. 184 с. +32 п. қосымша парақтар/ жаңа басылым жарық көрді
2019 жылдың 4 қазанында Нұр - Сұлтан қ. Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві әріптестермен бірлесіп «Жадымыздан өше бастаған және жаңа туған есімдерді ғылымның сан тараулы саласынан іздестіру. Қазақстан: 1960-2000 жж.» тақырыбында Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.
Конференцияда келесі мәселелер талқыланды: өткен кезеңдерді зерделеуде архивтік дерек көздерінің, зияткерлік ой тарихын зерттеуде құжаттық мұраларды пайдалану мәселелерінің маңыздылығы; ХХ ғасырдың соңында отандық ғылым мен техниканың дамуына елеулі үлес қосқан, бұл күнде жадымыздан өше бастаған тұлғаларға қатысты тарихи әділеттілікті орнату.
Конференция ҚР Мәдениет және спорт Министрі А.Р. Райымқұлова және ОМҒТҚА директоры Б.А. Жұматаеваның құттықтау сөздерімен басталып ары қарай қатысушылардың баяндамаларымен жалғасты.
Басылымның бейне тарауында 2 қосымша бөлімдерден тұрады. Бірінші бөлімінде конференция барысын бейнелейтін фотосуреттер жарияланған. Басылымның екінші бөлімінде конференцияға қатысушылардың баяндамалар мазмұнына қосымша ақпарат беретін материалдар ұсынылған.
Жинақтың соңында конференцияға хабарлама мен баяндамалар дайындаған қатысушылар туралы қысқаша мәліметтер келтірілген. Сонымен қатар, осы жерде іс-шара аяқталғаннан кейін ұйымдастырушылардың конференция туралы ой-пікірлері орналастырылған.

Жаңалықтар

Показать все
18 қыркүйек 2020 жылы
17 қыркүйек 2020 ж. Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде кезекті сараптамалық-тексеру және әдістемелік комиссиясының мәжілісі өтті.


14 қыркүйек 2020 жылы
ОМҒТҚА қызметкерлері ҚР Мемлекеттік орталық музейі ұйымдастырған «Байланыс және телекоммуникация құралдары. ҚР Мемлекеттік орталық музейі қорынан» атты онлайн көрмесімен танысты.


14 қыркүйек 2020 жылы
2020 жылдың 3 қыркүйегінде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің сараптау-тексеру-әдістемелік комиссиясының кезекті отырысы болып өтті, онда келесі мәселелер қаралды:


03 қыркүйек 2020 жыл
2020 жылдың 3 қыркүйегінде архив мамандары ОМҒТҚА толықтыру көзіне кіретін мекеменің өкілдері З.Д.Қалпенова мен Д.Л. Пастушенко үшін «ОМҒТҚА ҰАҚ құжаттарын сақталу ережелері» атты тақырыптық экскурсиясын жүргізді.


Яндекс.Метрика Web site engine code is Copyright ©2007-2008 by Kasseler CMS. All rights reserved.   Разработка и поддержка: neon-group