Құрметті отандастар!

Сіздерді халқымыздың мақтанышы, еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігінің символына айналған елордамыз – Астана күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Астана – бірлік пен берекенің, Отанымыздың телегей табыстарының символы, Қазақстан халқы қол жеткізе алатын шексіз мүмкіндіктердің үлгісі.
Бүгінгі таңда қарқынды дамып келе жатқан жаңа Қазақстанның бейнесіне айналған Астанамыз қоғамдағы келісім мен тұрақтылықты нығайтуға бағытталған тарихи шешімдер қабылданатын алаңға айналды.
Осынау мереке күні Сіздерге және жақындарыңызға зор денсаулық, мол табыс, таусылмас бақыт, игі бастамаларыңызға сәттілік тілейміз.
Еліміздің жүрегі – әсем елордамыз Астананың жұлдызы әрқашан жарық болсын!




Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві сайтына қош келдіңіздер!
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві – Отандық ғылым-техниканық қалыптасу және даму тарихы мен жетістіктерін көрсететін, әр түрлі тасмалдаушылардағы ғылыми-техникалық құжаттамаларды заманауи үлгідегі құрал-жабдықтар негізінде сақтап, оларды пайдалануды жүйелі түрде жүзеге асырып отырған бірден-бір мамандандырылған архив.

Фотогалереясы



Жаңалықтар

Барлығын көрсету
04 шілде 2025 жыл
Еліміздің барлық өңірлерінде бүгін Ұлттық домбыра күніне арналған түрлі мәдени іс-шаралар өтуде. Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві «Домбыра – бабалар мұрасы» атты дөңгелек үстел өткізді.


26 маусым 2025 жыл
2025 жылғы 25-26 маусымда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде ҰАҚ толықтыру және ведомстволық архивтер бөлімі ведомстволық архив жұмысына жауапты ұйымдардың іс жүргізушілері мен қызметкерлері үшін «Мемлекеттік архив саясаты тұрғысынан ведомстволық архивтерді ұйымдастыру және дамыту» атты екі күндік семинар өткізді.


26 маусым 2025 жыл
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві мен Алматы көпсалалы колледжінің ынтымақтастық туралы шарты шеңберінде архив директоры Баян Амантайқызы Жұматаева мемлекеттік емтихан комиссиясының төрайымы ретінде «Басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету және мұрағаттану» мамандығы бойынша бітіруші студенттер үшін демо-емтихан өткізуге қатысты.


23 маусым 2025 жыл
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің директоры Баян Жұматаева Алматы көпсалалы колледжінде бітіруші түлектердің алғашқы жұмыс орнын ұйымдастыру мақсатында өткізілген «16 жаста алғашқы табысым» іс-шарасына қатысты.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz