Архив тарихы

Қазақстан архивтері өзінің қоймалары қойнауында көлемі мен мазмұны бойынша бірегей, аса бай ақпараттық әлеуетке ие қорларды сақтайды. Бұл құжаттар Қазақстан тарихын зерттеу үшін өте құнды дереккөз материалдары болып табылады.
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1974 жыл 7 ақпандағы № 50 қаулысымен республиканың халық шаруашылығы, ғылым мен техника саласындағы аса құнды және жаңа жетістіктерін көрсететін ғылыми-техникалық құжаттамаларды мемлекеттік сақтау, есепке алу және пайдалануды қамтамасыз етуді орталықтандыру мақсатында құрылды. Архив өз қызметін 1974 жылдың 1 наурызынан бастады.
 Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві ХІХ ғасырдың соңынан бүгінгі күнге дейінгі Қазақстанның  ғылымы мен техникасының қалыптасуы және дамуы тарихы бойынша құжаттарды сақтайтын аса ірі мекеме.
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві Алматы қаласының аумағына орналасқан республикалық және бұрынғы одақтық бағыныштылықтағы ғылыми-зерттеу, жобалау, конструкторлық технологиялық ұйымдар мен мекемелердің қызметі нәтижесінде құрылған ғылыми-техникалық және басшылық құжаттамалар мемлекеттік сақтауға алынған.
Архивте бүгінгі күні мемлекеттік сақтауда 207011 сақтау бірлігі бар. Оның ішінде ғылыми-техникалық құжаттама көлемі 112944 сақтау бірлігін құрайды, олардың 21712 сақтау бірлігі ғылыми-техникалық, 2265 сақтау бірлігі – конструкторлық, 86866 сақтау бірлігі – жобалау, 2101 сақтау бірлігі – патенттік құжаттар болып табылады. Басшылық құжаттамалар көлемі 68288, жеке тектік құжаттар 4775, жеке құрам бойынша құжаттар 21004 сақтау бірліктерінен тұрады.Барлығы архивте 185 қор сақталады. Олардың хронологиялық шегі 1885 жылдан 2017 жылға дейінгі аралықты құрайды.
Архив қорларының құрамы мамандандырылған архивтін ерекшеліктерін көрсететін төмендегі жинақтаушы ғылыми-техникалық құжаттар тобынан тұрады: 1. ғылыми-зерттеу құжаттамасы; 2. конструкторлық құжаттама; 3. технологиялық құжаттама; 4. жобалау-сметалық құжаттама; 5. патенттік құжаттама; 6. басшылық құжаттама.
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві құжаттарының маңызды бөлігін Қазақстан, Орта Азия және Шығыс Сібір электр энергетикасы нысанадарының, азаматтық-тұрғын үй, өнеркәсіп және машина жасау,  мелиорация, су және орман шаруашылығы саласы құрылыстарының жобалау құжаттамалары құрайды. Көптеген қорлар сейсмикалық аса қауіпті аймақтарда қала құрылысы бойынша құжаттардан тұрады. Алматы қаласының тұрғын үй және азаматтық құрылыстарының жобалары бойынша, соғыстан кейінгі кезеңнен бүгінге дейінгі қазақстандық архитектура мектебінің барлық даму тарихын көруге болады.
Құрылыс материалдарын, металл құрылымдарын, ауыл шаруашылық машиналары мен механизмдерін, жеңіл және тамақ өнеркәсібі бұйымдарын өндіру, аспап жасау өндірісін дамыту жолын көрсететін конструкторлық және технологиялық құжаттамалар ерекше көкейкесті материалдар болып саналады.
Экономиканың, өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының, медицина мен білім берудің түрлі салаларындағы ғылыми зертеулерін көрсететін республикалық жетекші институттар мен ғылыми орталықтардың ғылыми-зерттеу құжаттамалары бүгінгі зерттеушілер тарапынан үлкен қызығушылық танытады.
Машина және оның механизмдері, азаматтық және өнеркәсіптік құрылыстардың инженерлік имараттары, сондай-ақ, ауыл және су щаруашылығы, тұрмыыстық қызмет көрсету, жеңіл және тамақ өнеркәсібі салаларындағы өнертапқыштық куәліктері, патенттік құжаттамалары өзіндік маңызға ие және әр алуан.
Басшылық құжаттамалар ғылыми-техникалық құжаттамаларды толықтыратын ақпараттар көзі болып табылады, және ол бұйрықтар мен  есептік-жоспарлау құжаттамалардан, негізгі қызмет жөніндегі жабдықтар, жаңа технологиялық процестерді енгізу, ғылыми зерттеулердің тақырыптары, ғылыми-техникалық ынтымақтастық т.б. туралы хат алмасулардан тұрады.
Құжаттардың ақпарат сақтау тәсілдері әртүрлі: машинада терілген мәтіндер, калька, сәулелі көшірмелер, ватман, фотоқұжаттар, ХVIII-XIX ғасырлардың ерте жобаларында – батист.
Мекемелер мен кәсіпорындардың қызметі нәтижесінде құрылған құжаттармен қатар, архивке Қазақстанның ғылым мен техника саласындағы көрнекті қызметкерлерінің өмірі мен қызметі тарихынан хабар беретін жеке құрам құжаттары да мемлекеттік сақтауға алынған. Олардың қатарында Ә.Ш. Тәтіғұлов, П.И. Мариковский, Ғ.Ә. Қалиев, М.И. Усанович, М.Ш. Мәжитов, Т.С. Жасыбаева, С.Г. Космериди, П.Т. Гуляевский т.б. белгілі қайраткерлер бар.  Бүгінгі таңда 4775 сақтау бірлігінен тұратын 38 жеке құрам қоры мемлекеттік сақтауда. 
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде 26 қызметкер жұмыс істейді.
Архивтің құрылымы:
1. Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, мемлекеттік есеп және ҒАА бөлімі
2. Ақпарат және құжаттарды пайдалану бөлімі
3. Ұлттық архив қоры және ведомстволық архивтерді толықтыру бөлімі
4. Ақпараттық технологиялар және цифрландыру бөлімі

Архив қызметінің барлық бағыттары бойынша белсенді түрде жұмыстар атқарылуда: Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қоры құжаттарының есебі мен сақталу жағдайына бақылау, құжаттарды пайдалану, ұйымдар мен ведомстволық архивтер жұмысына әдістемелік және іс жүзінде білікті көмек көрсету және т.б. Қызықтырған мәселелерімен ғылыми-техникалық құжаттар арқылы танысу үшін зерттеушілерге қызмет көрсететін оқу залы жұмыс істейді.
«Архив қоры» деректер базасын толықтыру үшін архив қызметкерлері тұрақты түрде жұмыстар атқарады.
Архив құжаттарының ғылыми-техникалық аппараты жүйесіне кіретіндер: тізімдемелер; қорларға тарихи анықтамалар; көрсеткіштер; каталогтар: жүйелік, нысандық, атаулық; тұрпатты жобалар каталогы, жеке қорлар фотоқұжаттарының каталогы,  азаматтық-тұрғын үй құрылысы бойынша архивтік каталог, архив қорлары бойынша қысқаша анықтамалық, құжаттардың тақырыптық қораралық және қор шолулары. Қолданыстағы ғылыми-анықтамалық аппарат архив құжаттарын ғылыми және әлеуметтік-құқықтық мақсатта кең пайдалануға мүмкіндік береді.
Архив қызметкерлері аса құнды құжаттар мен қорларды ақықтау және есепке алу жұмыстарын жүргізеді, оларға жеке тізімдемелер мен есеп карточкалары құрылады, сақтандыру қоры мен аса құнды құжаттардың көшірмелерін пайдалану қорын құру үшін құжаттарды микрофильмдерге көшіреді. бүгінге күнге дейін 1 532 089 микрофотокөшірме дайындалды.
Архив ісінің маңызды бағыттарының бірі құжаттарды сақтау мен олардың сақталуын қамтамасыз ету. Осы мақсатта құжаттарды оңтайлы жағдайда сақтауға бағытталған қажетті шаралар іске асырылуда: қажетті температуралық-ылғалдылық режімді ұстау, шаң-тозаңнан тазарту, қатырма қағазбен қаптау, жаңғырту.
Архив қоймаларының пайдалану алаңын көбейту мақсатында қоймаларды жаңа жылжымалы (мобильді) стеллаждармен қайта жабдықтау басталды, заман талабына сай өртке қарсы жабдықтар, күзет дабылдары, кондиционерлер  т.б. қойылды.
Түрлі ұйымдастыру-құқықтық формалары мен меншік формаларындағы, өзінің қызметі барысында ғылыми-техникалық құжаттар құраушы республиканың жетекшіұйымдары, кәсіпорындары мен мекемелері ОМҒТҚМ қор құраушылары болып табылады. Олардың ішінде: «КАZGOR» Жобалау академиясы, «Ауыл шаруашылығын механизациялау және электрификациялау ҒӨБ» РМК, «Водоканалпроект» Қазақ мемлекеттік ғылыми зерттеу жобалау институты, «Казинвестстрой» ЖШС, Қазақстан РеспубликасыӘділет министрлігі сот сараптамасы ҒЗИ, «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық туберкулез проблемалары.
Архив қызметкерлері ОМҒТҚМ толықтыру дереккөздері тізіміне кіретін ұйымдарға іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастыру және ғылыми-техникалық құжаттаманы архивтік сақтау, құжаттардың құндылығына сараптама жүргізу және оларды мемлекеттік сақтауға іріктеу бойынша нормативті құжаттар әзірлеуге әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетеді.
Ұлттық архив қоры құжаттарын пайдалану және жариялау бойынша архив белсенді жұмыстар атқарып келеді: «Қазақстанның ауыл шаруашылығы кәсібі бойынша ғылыми-зерттеу мекемелері мен ұйымдардың тарихы» (ОМҒТҚМ құжаттары бойынша), «Академик А.Ш. Тәтіғұлов», «Қазақстанның медициналық ғылыми-зерттеу мекемелері мен ұйымдарының тарихынан» және басқа да анықтамалықтар мен құжаттар жинағы жарық көрді. Бүгінгі уақытта ақпарат және құжаттарды пайдалану бөлімінің қызметкерлері «Алматы қаласының жобалау тарихы. 1950-1980 жылдар», «Қазақстанның су ресурстары», «Жеке тек қорлары бойынша анықтамалық» құжаттар жинақтарын дайындады.
Мемлекеттік сақтаудағы ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық құжаттардың құрамымен ақпараттық хаттар арқылы мекемелерге ақпарат беру, мақалалар жариялау, радиохабарлар дайындау, архив құжаттары негізінде көрмелер ұйымдастыру, тақырыптық және әлеуметтік-құқықтық сипаттағы  (оның ішінде шетелдерден) сұраныстарды орындау  құжатттарды пайдаланудың тұрақты жолы болып отыр.
Оқу залының жұмысы архивте маңызды орын алады. Қүн сайын құжаттармен зерттеуші мамандар жұмыс істейді және олардың еңбегі арқылы архивтік қорлар көпшілік назарына ұсынылуда. Соңғы жылдары ғимараттар мен имараттардың құрылысы және қайта қалпына келтірілуі туралы құжаттарға сұраныс көбейді. Жыл өткен сайын көне архив құжаттарына шетелдік зерттеушілердің қызығушылығы артып келеді (АҚШ, Франция, Австрия, Германия т.б.)
Ғылыми-техникалық прогрестің қарқынды өсуі мен дамуы, жобалау ұйымдарының, конструкторлық бюролардың, ғылыми-зерттеу институттарының бірегей компьютерлік бағдарламалар мен жұмыстарды санды орындаудың жаңа жұмыс әдістеріне көшуін есепке ала отырып, ғылыми-техникалық архив техниканы модернизациялау және тәжірибеге жаңа технологиялар енгізу бойынша жұмыстар атқарып отыр.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі «Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві» республикалық мемлекеттік мекемесі Мекен-жайы: Алматы қаласы, Абай даңғылы, 39 телефон: 8 (727) 267-14-67 Факс: 8 (727) 267-14-65 Е- mail: cgantd@gmail.com

Жаңалықтар

Показать все
19 наурыз 2024 жыл
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде жоспарға сәйкес кеңесші орган ретінде құрылған және архив қызметінің маңызды мәселелерін қарайтын дирекцияның отырыстары өткізіледі.


19 наурыз 2024 жыл
2024 жылдың 19 наурызы күні Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Наурызды тойлау жаңа форматына сәйкес «Жаңару» мерекесін атап өтті.


18 наурыз 2024 жыл
2024 жылғы 18 наурызда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Ақпарат және құжаттарды пайдалану бөлімінің қызметкерлері әріптестеріне «Теріс және бейінсіз әлеуметтік-құқықтық сұраныстарды орындау» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


18 наурыз 2024 жыл
Әр ұлтты ерекшелендіретін дәстүрлі құндылықтары, әр ұлттың қолтаңбасы іспетті дара әдет-ғұрпы, салт-санасы, ұлттық киімдері бар.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz